» Материалы за Февраль 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сабақ кестесі (1-4)

Автор: admin от 25-02-2019, 23:47, посмотрело: 202

4 2018-2019 оқу жылындағы ІІ жарты жылдыққа арналған сабақ кестесі
р\і уақыты 1 а сынып 1 ә сынып 1 б сынып 4а сынып 4ә сынып 4 б сынып
Дүйсенбі
1. 8.00-8.40 сауат а сауат а обучение гр қазақ тілі қазақ тілі русс яз
2. 8-45-9.25 ағыл\өзін ө матем матем матем матем матем
3. 9.30-10.10 матем ағылш\өзін ө қазақ тілі әдеб оқу әдеб оқу литер чт
4. 10.15-10.55 орыс\орыс т д\шы анг яз еңбек ағыл\ағыл т позн мира
5. 11.05-11.45 д\шы орыс\орыс т физ-ра еңбек еңбек труд
6. 11.50-12.30 ағыл\ағыл т еңбек труд
7. 12.35-13.15
8. 13.20-14.00
Сейсенбі
1. 8.00-8.40 сауат а сауат а обучение гр матем матем матем
2. 8-45-9.25 ағыл\өзін ө матем матем қазақ тілі қазақ тілі русс яз
3. 9.30-10.10 матем ағыл\өзін ө изо әдеб оқу әдеб оқу литер чт
4. 10.15-10.55 орыс\орыс т көркем еңб қазақ тілі музыка таб ж экол. изо
5. 11.05-11.45 көркем еңб орыс\орыс т чистописание бейнелеу бейнелеу музыка
6. 11.50-12.30 таб ж экол. музыка қазақ тілі
7. 12.35-13.15
8. 13.20-14.00
Сәрсенбі
1. 8.00-8.40 сауат а сауат а обучение гр матем матем матем
2. 8-45-9.25 сауат а сауат а обучение гр қазақ тілі қазақ тілі русс яз
3. 9.30-10.10 матем матем музыка әдеб оқу өзін-өзі т анг яз
4. 10.15-10.55 музыка қызықт матем матем өзін-өзі т әдеб оқу литер чт
5. 11.05-11.45 қызықт матем музыка зан.матем д\шы д\шы физ-ра
6. 11.50-12.30 шеш. өнер шеш. өнер қазақ тілі
7. 12.35-13.15
8. 13.20-14.00
Бейсенбі
1. 8.00-8.40 матем сауат а обучение гр матем матем матем
2. 8-45-9.25 сауат а матем матем қаза т қазақ тілі литер чт
3. 9.30-10.10 жаратылыс т ағыл\ағыл т естеств орыс\орыс т әдеб оқу русс яз
4. 10.15-10.55 ағыл\ағыл т д\шы анг яз әдеб оқу орыс\орыс т қазақ тілі
5. 11.05-11.45 д\шы жаратылыс т физ\ра д\шы дшы физ-ра
6. 11.50-12.30
7. 12.35-13.15
8. 13.20-14.00
Жұма
1. 8.00-8.40 дүние т дүние т позн. мира дүние тану орыс\орыс т матем
2. 8-45-9.25 сауат а сауат а обучение гр матем матем самопозн
3. 9.30-10.10 д\шы сын\сағат кл\час д\шы д\шы физ-ра
4. 10.15-10.55 сын\сағат д\шы физ\ра орыс\орыс т қыз матем қазақ тілі
5. 11.05-11.45 қызықт гра-а қызықт гра-а самопозн қыз матем дүние тану зан.матем
6. 11.50-12.30 сын\сағат сын\сағат кл\час
7. 12.35-13.15
8. 13.20-14.00

Категория: Сабақ кестесі

 

Сабақ кестесі (түскі смена)

Автор: admin от 25-02-2019, 23:29, посмотрело: 225

2 "Бекітілді" "Келісілді"

№ 3 педкеңес шешімімен Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.Умиралиев

2018-2019 оқу жылындағы ІІ жарты жылдыққа арналған сабақ кестесі ІІ ауысым
р\і уақыты 2 а сынып 2ә сынып 3асынып 3ә сынып 3бсынып 3всынып 5 а сынып 5 ә сынып
Дүйсенбі
1. 13.30-14.10 матем матем матем матем матем матем матем қазақ тілі
2. 14.15-14.55 қазақ тілі қазақ тілі қазақ тілі қазақ тілі қазақ тілі русс яз қазақ тілі матем
3. 15.00-15.40 д\шы әдеб оқу әдеб оқу әдеб оқу әдеб оқу информат қаз.тарих орыс\орыс т
4. 15.50-16.30 әдеб оқу музыка инф\өзін ө көркем ең көркем ең литер чт ағыл\ағыл т орыс\орыс т
5. 16.35-17.15 музыка д\шы музыка сын\сағат сын\сағат анг яз жаратылыс т қаз тарих
6. 17.20-18.00 орыс\орыс т ағыл\ағыл т
7. 18.05-18.45 орыс\орыс т жаратыл т
8. 18.50-19.30
Сейсенбі
1. 13.30-14.10 матем қазақ тілі матем матем орыс\ағыл т матем матем қазақ тілі
2. 14.15-14.55 қазақ тілі ағыл\ағыл т қазақ тілі қазақ тілі матем русс яз жаратылыс т матем
3. 15.00-15.40 әдеб оқу матем әдеб оқу орыс\ағыл т қазақ тілі физ\ра қазақ тілі д.тарих
4. 15.50-16.30 дүние т әдеб оқу орыс\ағыл т д\шы инф\өзін ө қазақ тілі д.тарих жаратылыс т
5. 16.35-17.15 ағыл дүние т д\шы инф\өзін ө әдеб оқу литер чт д\шы өзін-өзі т
6. 17.20-18.00 сын\сағ әдеб оқу д\шы самопоз өзін-өзі т д\шы
7. 18.05-18.45
8. 18.50-19.30
Сәрсенбі
1. 13.30-14.10 матем матем матем ағыл\орыс т матем матем әдебиет матем
2. 14.15-14.55 ағыл\өзін ө қазақ тілі д\шы матем қазақ тілі русс яз орыс\ор т әдебиет
3. 15.00-15.40 қазақ тілі көркем ең ағыл\орыс т қазақ тілі д\шы литер чт матем орыс т
4. 15.50-16.3 көркем ең ағыл\өзін ө қазақ тілі д\шы музыка физ\ра туған.өлк фкөркемеңб
5. 16.35-17.1 д-шы д-шы инф\өзін ө музыка ағыл\орыс т изо ағыл\ағыл т көркемеңб
6. 17.20-18.00 шешендік ө шешендік ө школ.муд көркем еңб ағыл.т
7. 18.05-18.45 көркем еңб туған. өлк. ф
8. 18.50-19.30
Бейсенбі
1. 13.30-14.10 орыс\орыс т матем матем матем матем матем қазақ тілі матем
2. 14.15-14.55 матем орыс\орыс т қазақ тілі қазақ тілі жарат тану анг яз матем д\шы
3. 15.00-15.4 әдеб оқу әдеб оқу жарат тану орыс \ағыл т қазақ тілі қазақ тілі ағылш\инф қазақ тілі
4. 15.50-16.30 жарат тану жарат тану орыс \ағыл т жарат тану д\шы физ\ра музыка ағылш\инф
5. 16.35-17.15 логика сын\сағат әдеб оқу әдеб оқу орыс \ағыл русс яз д\шы музыка
6. 17.20-18.00 д\шы д\шы әдеб оқу естеств сын\сағ сын\сағ
7. 18.05-18.45
8. 18.50-19.30
Жұма
1. 13.30-14.10 ағыл\өзін ө орыс\орыс т матем матем матем матем матем қаз тарих
2. 14.15-14.55 орыс\орыс т қазақ тілі ағыл\орыс инф\өзін ө жарат тану естесв қаз тарих матем
3. 15.00-15.40 қазақ тілі логика жарат тану ағыл\орыс.т инф\өзін ө музыка д\шы әдебиет
4. 15.50-16.30 д\шы ағыл\өзін ө дүние тану дүние тану дүние тану қазақ тілі әдебиет инф\ағылш
5. 16.35-17.15 сын\сағат д\шы көркем е жарат тану ағыл\орыс т позн мира инф\ағылш адам ж. т ф
6. 17.20-18.00 қыз матем қыз матем қыз матем кл час адам ж. т ф д\шы
7. 18.05-18.45
8. 18.50-19.30

Категория: Сабақ кестесі

 

"Екі жұлдыз"

Автор: admin от 25-02-2019, 22:39, посмотрело: 200

4 «Екі жұлдыз» байқауы (мектепшілік)
1 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!
Мектебімізде «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:
Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

1 жүргізуші:
Аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушыларды анықтау, Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыруды өз алдына міндет етіп қойып отыр.

2 жүргізуші:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге ұстаз бенен оқушыға— дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық

1 жүргізуші:
Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.
1. 3 «ә» сынып оқушысы Қуаныш Ақерке, ұстазы Джунусова Ардана Ерболатовна №8
2. 3 «б» сынып оқушысы _______________________________________________________________ №10
3. 3 «а» сынып оқушысы Ермек Асылым, ұстазы Темирбаева Рита Маратовна №6
4. 4 «ә» сынып оқушысы Ермекбай Алхан, ұстазы Бақытжанова Дәмегүл Үмбетовна №2
5. 5 «А» сынып оқушысы Умиралиева Сабира және Темірбай Жанарыс, ұстазы Миралиева Молдір Суюндыкова; №5
6. 6 «А» сынып оқушысы Багленова Махабат, ұстазы Нұрлыбаева Мереке Омарова; №3
7. 6 «Ә» сынып оқушысы Қошқарбай Аяжан, ұстазы Токтагулова Аманат Сураубаевна; №1
8. 7 «Ә» сынып оқушысы Нұрбай Дарина, ұстазы Калилаева Лаззат Колдасовна; №9
9. 8 «Ә» сынып оқушысы Птенова Гүлдариға, ұстазы Малибекова Алима Жомартовна; №4
10. 8 «А» сынып оқушысы Владимир Амина, ұстазы Кибасова Диляра Газизовна; № 7

2 жүргізуші:
Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:
1. ДОІЖО Айнақожаева Шолпан Қуатовна
2. Әлеуметтік педагог Байбекова Марзия Оразгалиевна
3. Музыка пәні мұғалімі Сұлтанқұл Молдір Шаяхметқызы

Байқаудың қазылар алқасына қошемет соғып қойсақ.

1 жүргізуші:
Ортаға №1 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Токтогулова Аманат Сураубаевна мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Қошқарбай Аяжанды сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақырайық


2 жүргізуші: Сахна төріне №2 жұп - өз ұжымына ардақты, атқарар жұмысы салмақты, үлкені мен кішіге бірдей, қысқасы ұстаздардың ішіндегі ай мен күндей, жүрегіне толған ұстаздық мейірімін шаша білген, шәкірттерінің жолын аша білген Бақытжанова Дәмегүл Умбетовна мен сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты ұлымыз Ермекбай Алиханды қошеметтеп ортаға шақырамыз

1 жүргізуші:
Сахна төріне №3 жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Омарова Мереке Нұрлыбаевна мен талапты, талантты, өз ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы Багленова Махабатты ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз

2 жүргізуші:
Келесі кезекте №4 жұп –
Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,
Сабақтарын әуендетіп өткізген,
Малибекова Алима Жомартовнаны қарсы алайық.
Гүлдариғадай болашақ жұлдызбенен!

1 жүргізуші: Сахна төріне №5 жұп- салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсене қатысып жүретін Миралиева Молдир Суюндыковна мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар Умиралиева Сабира және Темірбай Жанарысты ортаға құрметпен шақырамыз.

2 жүргізуші:
Келесі кезекте №6 жұп – айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын Темирбаева Рита Маратовна мен сынып белсендісі,оқу озаты, сымбатты қызымыз Ермек Асылымды ортаға шақырайық

1 жүргізуші:
Ортаға №7 жұп — ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, атқарған ісіне ұжымның көңіл тоқ Кибасова Диляра Газизовна мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз Владимир Аимнаны қошеметпен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:
Ортаға №8 жұп – өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын Джунусова Ардана Ерболатовна мен екілік баға алмайтын, сабақ соңында қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Қуаныш Ақеркені қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.


1-жүргізші:
Енді ортаға №9 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Калилаева Лазат Колдасовна мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы Нұрбай Даринаны сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақырайық!



2 жүргізуші: Енді ортаға №10 жұп —– қазақи қалып бойында мүсінделген, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ________________________ мен сұлу қыз, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар _________________________________ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші
Келесі кезекте 2-ші бөліміне өтсек
Бастауыш сыныптар потриоттық әндерімен
5-9 сыныптар- Шет ел әндерімен

1. 6 «ә»
2. 4 «ә»
3. 6 «а»
4. 8 «ә»
5. 5 «а»
6. 3 «б»
7. 8 «а»
8. 3 «ә»
9. 7 «ә»
10. 3 «а»
11.
2 жүргізуші:
Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын матапаттау рәсімін Директордың оқу іс жөніндегі орынбасары Айнақожаева Шолпан Қуатовнаға береміз.

1 жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық
Әр отбасына молымен қона берсін!

Категория: ---

 

"Ауған соғысы"

Автор: admin от 25-02-2019, 22:36, посмотрело: 493

3 Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың ерлік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Би қазақша

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының 30-жыл толуына орай ардагерлерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Ән׃ Ермекбай Ақбота «Отан»

Жүргізуші:Жауларға қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған . Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныс болайық.
1.Амиркулов Ринат Өкенұлы 2.Жумабаев Бақберген Жақсылыкович
3. Ахметжанов Байжан
Жүргізуші׃ Ауған соғысы туралы мағлұматтар базасын нығайту үшін сөз_________________________________баяндама жасау үшін ұсынылады.
Баяндама «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым»

Жүргізуші: Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,
Тым алысты көретін дүрбісіздер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде,
Жапырақты, саялы, бүрлісіздер,-дей келе келесі кезекті өлең шумақтарына берек

1-оқушы
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
2-оқушы
Ағаларым жаралған ерлік, рухтан,
Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.
Отан үшін қан майданда жерді құшып,
Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.
3-оқушы
Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім - жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

4-оқушы
Келеді қос жанары отша жанып,
Ағалардың ерлігіне елі қанық.
Есімі ешқашанда ұмтылмайтын
Тарихта аңыз болып қалары анық.
5-оқушы
Оралмай сан боздақтар кетті қанша,
Қалды ау талай ғұмыр тау мен таста.
Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,
Жастары жетпеген ед 20 жасқа.

Жүргізуші: Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бұл сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып тұрар.
Ән׃ Қуаныш Нұрғазы «____________________»

Жүргізуші׃ Ауған соғысының ардагерлеріне сауалнама сұрақтарын қойсақ.... Еркін микрофон жұмыс жасайды, сауал қоямын деушілерге рұқсат беріледі.
1. Сіз Ауған соғысына барғанда неше жаста едіңіз?
2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
3. Соғыста жарақат алдыңыз ба? Сол кезде не ойладыңыз?
4. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат - мүддесі түсіндірілді ме?
5. Бір деректерге сүйенсек, КСРО - дан барған интернационалист - жауынгерлер Ауған халқына соңғы нанына дейін бөліп берген деседі. Осы қаншалықты шындық?
6. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір - біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
7. Мектепте қандай оқушы болдыңыз?

Жүргізуші׃ Сухбаттарыңызға көп рахмет! Келесі кезекете Біздің мектеп потриотымыздың орындауында керемет ән «Туған жер»

Жүргізуші׃ Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, денсаулық, жастарға патриоттық тәрбие берудей игілікті істеріңізге жеміс, табыс тілеймін.Рахмет!

Жүргізуші׃Осымен «Ауғанның отты жалыны» тақырыбындағы кешіміз аяқталды. Ардагерлерімізбен бір естелік суретке түссек.
Қош сау болыңыздар!!!

Категория: ---

 

Хаттама (Қамқоршылық кеңес)

Автор: admin от 25-02-2019, 22:33, посмотрело: 193

6 Хаттама №2
Мектеп №6
Мерзімі: 26.01.2019ж
Төраға: Умиралиев Қабылбек
Хатшы:Аскарова А.Б.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері- 5 адам
Мұғалімдер: 20адам
Ата-аналар -122 адам
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының және мектеп инспекторының ата-аналар қауымдастығы мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдық бойынша есебі.
Тыңдалды :
Мектеп директорының І жарты жылдық бойынша есебі
Сөйледі:
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры А.Керимбаев өзі баяндамасындағы мектептің білім сапасымен,оқушылардың І жарты жылдығындағы жетістіктерімен , тәрбиеудің негізі ретінде «рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектеп қызметімен, мектепішілік іс-шаралары туралы баяндады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, педагогико-психологиялық жағдайы туралы мәлімет берді.
Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Р.Аяпберген сөйледі: № 6 негізгі мектебінде оқушылардың жалпы саны 462, оның ішінде жайсыз отбасы – 2, мектеп бақылауында – 3 оқушы, мектепішілік есепте-2, ҚАІІБ – нің есебінде түрған – 1 оқушы. ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша. Ата – аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 2 ата – ана жауапкершілікке тартылған екенін айтты.
Мектеп бойынша жалпы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі әр күн сайын бақыланып, анықтамасы ай сайын жазылып отырғанын айтты.
Қорытындылай келе мектеп ішкі тәртібін бұзып, қаңғыбастықпен ҚІІБ-нде есепте тұрған -1 оқушының құжаттары Тараз қаласында ювенальді сотта қарастырылып, 25.12.2018ж Тараз қаласының арнаулы мектепбінде білім алуға шешім шығып, оқуға жүберілді. Енді тағы да -1 оқушымыз ҚІІБ-нле есепте «ұрлық» жасағаны үшін алынган. Осы оқушымыздың сотқа құжаттары жіберіліп, соттың шешімін күтуде.
Үшінші мәселе бойынша ата-аналардың қойылған сұрақтарына мектеп директоры және мектеп инспекторы жауап берді. Күнделік kz , оқушылардың үйірмеге қатысуы, түнгі уақыты, уялы телефон және т.б сұрақтар қозғалып жауабын алды.
Қаулы етті :
Мектеп ұжымының І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деп табылсын.

Мектеп директоры: А. Керімбаев

Төраға: Умиралиев Қ.
Хатшы: Аскарова А.




















Категория: ---

 

"Үш тұғырлы- тіл"

Автор: admin от 25-02-2019, 22:31, посмотрело: 225

4 «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»

Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру,Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.

Дана:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білімгерлер,«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі »атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
Асиф:
Здравствуйте, уважаемые учителя! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
Азалия:Goodafternoon, dearfriends! Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s closed to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions.
Дана :Бүгінгі мерекелік кешімізді ашып беруі үшін сөз кезегі Мая Искаковнаға береміз
Асиф: Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3-х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Каждый язык – это целый мир. Язык – это живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище…
Азалия: All of us must speak in 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure. English is a world language. It’s the language of progressive science and technology, trade and cultural relations, commerce and business
Азалия : –Ендеше біздің ұлттық дәстүрімізді сақтай отырып Ортатда Күй Ұлттық асбаптармен қарсалыңыздар.
Дана: Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны – бір” қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз.
Асиф:У всех национальностей,проживающих в Казахстане цель одна – мир и согласие. Наше единство – наше главное достояние,признанное всеми государствами мира.
Азалия:TherearemanynationsliveinKazakhstan. They love peace. We have one Motherland,one country,one language.
Асиф :Встречайте Стихотворение на трех языкак 2-3-4 классах.

Дана:“Өзге тіл – тірлік үшін, өз тілің – бірлік үшін”- демекші, қазіргі уақытта көп тіл білу – заман талабы. Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми жұмыс тілдері.
Асиф:Знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и ответственного отношения. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства знание трех языков казахского, русского и английского обязательно.
Азалия: Veritable love to the country is unthinkable loveless to the language, Language of – it foremost, it gives an uni city folk traditions,
Азалия : Онда келесі кезекте ортамызда Қуаныш Нұрғазының орындауында Ән «Бабамның жері» қарсалыңыздар
Дана :Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан
Ортамызда хор ағылшын тілінде АВС қарсаламыз
Асиф:Казахстан – многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы.
Любой язык по-своему велик –
Бесценное наследство вековое,
Так берегите свой родной язык,
Как самое святое, дорогое.
Азалия: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.
Азалия : Ортада Ұйғыр биімен биші қыздарымызды Қарсы алыңыздар!
Дана:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Асиф:Абай писал: Человек изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним равноправным» и действительно, его слова нашли подтверждение в жизни.
Азалия: I’m Kazakh, and one of the Kazakh.I don’t need others opinions.Kazakh is one of the nations in the world. And now listen to voice the world.
Асиф: Встречайте: Песня «Я Казах»
Дана:Қазақстан – әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Асиф:Хорошее знание и развитие родного языка, умение пользоваться выразительными средствами иностранных языков – самая лучшая опора для каждого человека в его общественной и творческой деятельности.
Азалия: English is a world language. It’s the language of progressive science and technology, trade and cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it’s the most widespread language on the earth.
Азалия :Ортада «Ортада каббой биін » қарсалыңыздар.
Асиф :А сейчас предлагаем вашему вниманию сценку “Оригинальный жанр” и песню «КОРДАЙЫМ» в исполнении учащихся нашего школа
Дана: Қазақстан жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері, өздерінің туған ана тілін, өз мәдениетін, ұлттық биін мәңгі жадында сақтап, келер ұрпаққа мұра етеді.
Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен, қазағым,
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен, қазағым.
Досы менен дұшпанын теңдей көрген, қазағым,
Бұйда етіп, нарына алтын ескен, қазағым.
Ата- дәстүр мұрасын сақтап өскен, қазағым.Ортада мың бұралған қыздарыңыз, Қарсы алыңыздар! Би
Азалия: Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:. Асиф: А сейчас передлагаем вашему вниманию иницировку сказки «репка» встречайте
Дана:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, біздер ұлан – ғайыр болашақтың иесіміз,еліміздің үміт артар, арқа сүйер азаматтарымыз. Осындай бай, асыл, алып мұраны – біз, жас ұрпақ әрі қарай жалғастыруымыз керек.
Келесі кезекте Тоғжан мен Аминаның орындауында дуэт «Мен Қазақпын» қарсалыңыздар.
Дана:Осымен«Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі »сыныптан тыс іс-шарамызда өз мәресіне жетті.Көріскенше күн жақсы , аспанымыз ашық болсын! Сауболыңыздар!
Асиф:Хотим завершить нашу программу словами президента Н. А. Назарбаева: «Для народа нет лучше и дороже, чем родной язык, который остр как алмаз, чуткий как парящий орел, мягкий как свинец, и оружие, и щит, и древний, и вечно молодой».
Азалия: Thank you, good bye! See you soon!

Категория: ---

 

План урока (семинар)

Автор: admin от 25-02-2019, 22:29, посмотрело: 287

5 Пәні: Сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті
Мектеп №6
Мерзімі: 20.02.2019 ж
Мұғалімнің аты – жөні Мауленова А.И.
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы: Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Фф дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаттары: 1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ф дыбысы ) және дұрыс оқу
1.2.1.2оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Сабақ мақсаттары:  Барлығы: Фф әрпін таниды.Дыбыс пен әріпті сәйкестендіреді.Оқу түрлерін қолданып сөздерді оқи алады.
 Оқушылардың басым бөлігі: Өлең мазмұнын айта біледі.
 Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері:  ф таңбасы бар сөздерді дұрыс оқиды.
 Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. Түсініп оқиды.
 Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды. Мәтіннің мазмұнын сурет арқылы көрсетеді.
 Сюжетті суреттерді сипаттайды. Сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.
 Сөйлемді бас әріптен бастап жазады. Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.
Ойлау дағдылары: Білу, түсіну,қолдану.
Тілдік мақсат: Дыбыс, әріп, сөз, сөйлем. я дыбысы
Құндылықтарды баулу: Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, көркем еңбек
Алдыңғы білім: Ұлттық кейіпкерлер және я дыбысы туралы біледі.
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңі: Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Әдіс-тәсілдер ресурстар,
Сабақтың басы: Ұйымдастыру:
 Оқушылармен сәлемдесу;
 Оқушыларды түгендеу;
 Сабаққа назар аудару.

Психологиялық ахуал.
«Менің көңіл – күйім!»


Үй тапсырмасы:
Ж.Ж: «Кір қыстырғыш» әдісі.
Тапсырма:
Сөздерді оқы. Дыбыстық және буындық талдау жаса.
Баяу қияр қоян тақия
Таяқ саяз шаян пияз
Бағалау критерийлері:
 Сөздерді оқиды.
 Дыбыстарды ажыратады.
Дескриптор:
 Дыбыстық талдау жасайды.
 Буындық талдау жасайды
Қалыптастырушы бағалау:
«Бас бармақ» әдісі.










«Кір қыстырғыш» әдісі
парақшалар
Сабақтың ортасы:
































Сергіту сәті Тыңдалым .
Алдаркөсе, Қожанасыр –ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды,әділ, тапқыр, аңғал кейіпкерлер ретінде танылады.
«Кинометафора» әдісі. «Ұлттық кейіпкерлерге байланысты Алдаркөсе» бейнебаяны

Т.Ж. «Мозайка» әдісі. (қима суреттерді біріктіру)
«Ойтүрткі» тәсілі:
1. Таныс емес қандай дыбыс бар деп ойлайсыңдар?
2. Ол қандай дыбыс?
Бағалау критерийлері:
 Суреттерді біріктіріп жапсырады
 Дайын суреттің атын айтады.
Дескриптор:
 Таныс емес дыбысты табады.
 Дыбысты хормен айтады.
Қалыптастырушы бағалау:
«Басбармақ» әдісі.

«Кинометафора» әдісі. «футбол ойыны»

Оқылым.
Сөздерді тыңда және оқы.
кофе ферма фото телефон футбол
кафе фирма факс телеграф Африка
Бағалау критерийлері:
 Сөздерді тыңдайды.
Дескриптор:
 Сөздерді түсінеді.
Қалыптастырушы бағалау:
«Қошеметтеу» әдісі.

«Көңілді күн!»

Ж.Ж: Өлеңді тыңда. Қуаттың қылығы дұрыс және дұрыс емес екендігін талқылап көр.

Футбол, кино ертегі-
Бірі қызық бірінен,
Қуат ұзақ елтеді,
Айнымай сол күйінен.
(Қастек Баянбай)
Бағалау критерийлері:
 Өлеңді тыңдайды.
 Өлеңдегі кейіпкерді ажыратады.
Дескриптор:
 Сөздерді түсінеді.
 Дұрыс және бұрыстығын салыстырады.
Қалыптастырушы бағалау:
«Қошеметтеу» әдісі.




Жазылым.
Жазу дәптері 28 бет, Ф әрпін жазыңдар.

Бағалау критерийлері:
- ф әрпін оқиды.
- ф әрпін жазады.
Дескриптор:
- сауатты оқиды.
- көркем жазады.
Қалыптастырушы бағалау:
«Қошеметтеу» әдісі.




«Кинометафора» әдісі

«Мозайка» әдісі
суреттер қимасы

Фф әрпінің баспа және жазба үлгілері

Оқулық





«Кинометафора» әдісі

Оқулық











Оқулық




















Дәптер,
қалам, қарындаштар
Сабақтың соңы: Үйге тапсырма: 103 бет, Ф дыбысын оқу.

Рефлекция: «Жетістік баспалдағы» «Бір ауыз сөз»

Бағалау: «Бір ауыз сөз»
Оқулық 103 бет
Саралау:
Оқушыларға көбірек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Рефлекция:
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындарды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болдыма?)
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1)___________________________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________________________
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1)___________________________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________________________
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1)___________________________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________________________

Категория: ---

 

Қамқоршылық кеңес

Автор: admin от 25-02-2019, 22:13, посмотрело: 445

4 Жамбыл облысы Қордай ауылы №6 негізгі мектептің қамқоршылық кеңесінің құрымы туралы хабарлаймыз.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі құрылады.
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1.Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына,сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2.Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және\немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді.
3.Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді.
4.Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
5.Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды.
6.Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді.
7.Тиісті саланы уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестін білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды енгізеді.
8.Білім беру ұйымы басшының білім беру ұйымының қызметі туралы,оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қаырылымдық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы себін тыңдайды.
9.Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференсияларға,кеңестерге, семинарларға қатысады.
10.Білім беру ұйымының қызметімен білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысыды,Білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып,олармен әнгімелеседі
Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдаймыз.
Қамқоршылар кеңестің құрамы


№ Аты -жөні Туған күні, айы, жылы Мекен жайы Телефон номері Жұмыс орны Атқаратын қызметі
1.Умиралиев Қабылбек 24.02.1952 Абай 18 87011385245 Зейнеткер Төрағасы
2.Акимбаев Юрий 28.07.1961 Шевченко 177 87789132040 Жеке кәсіпкер Төрағасы орынбасары
3.Утельбаева Тамара 15.04.1973 Панфилова 87025656254 Жеке кәсіпкер Хатшы
4.Қани Алия 09.05.1978 Панфилов 22 87026065232 Байтерек б\б Мүшесі
5.Кодренова Жансауле 06.05.1985 Пер Абая 5\1 87082433043 Байтерек б\б Мүшесі
6.Малдыбаев Ақан 14.04.1975 Шевченко 73 87017525159 Рахман мешітінің иманы Мүшесі
7.Амерқулов Мейрбек 01.05.1971 Балпукова 36 87012874912 РЭС жүргізуші Мүшесі
8.Базарбаева Жибек 13.06.1976 Панфилов пер 1 87026946628 Жеке кәсіпкер Мүшесі
9. Аяпберген Аян 08.01.1993 Панфилов 39 87024464232 Қордай ауд ішкі істер бөлімінің инспекторыМүшесі



Категория: ---

 

Харландыру

Автор: admin от 25-02-2019, 22:04, посмотрело: 168

6 Хабарландыру!
Кұрметті 3 сыныптардың ата-аналары!
Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, 2019 жылдың 5 наурыз күні сағат 10.00-12.00; 14.00-16.00 Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясы оқу орнының кәсіби педагогтары Қордай ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында хореография академиясына іріктеу жұмыстарын өткізеді.
Мекен жайы: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 21

Категория: ---

 

I жарты жылдығына атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі

Автор: admin от 5-02-2019, 00:05, посмотрело: 914

10 №6 негізгі мектеп бойынша 2018-2019 оқу жылының
І жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі

Мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және І жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
ҚР Конституциясының 30 бабын орындау мақсатында жыл бойы есебі жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Биылғы 2018-2019 оқу жылында 1-сыныпқа оқушылар жасына сәйкес қабылданды. І тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген-кеткен оқушылар есепке тіркелді. Мектепте 41 мұғалім жұмыс атқаруда. Оның ішінде жоғарғы санатты-3(7%), І санатты–14(34%), ІІ санатты-14(34%), 10 (25%) мұғалімнің санаты жоқ. Сынып жетекшілер бірлестігінде 22 сынып жетекші жұмыс атқарады.
12 - бастауыш сынып мұғалімдері. 9 - орта буын сынып мұғалімдері. 1 - мектепалды даярлық топ тәрбиешісі. Жоғары білімді - 21, кәсіптік біліммен - 1 сынып жетекші.

2018-2019 оқу жылында № 6 негізгі мектепте 419 оқушы оның 197 қыз бастауыш сыныптарда 232 оқушы оның 108 қыз,5-9 сыныптарда 187 оның 89 қыз болған. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бастауыш сыныптарда 240 оның 109 қыз, 5-9 сыныптарда 184 оның 87 қыз, яғни тоқсан соңында оқушылар саны 5 оқушыға көбейіп отыр. Білім сапасына тоқталатын болсақ, өткен оқу жылымен салыстырған да білім сапасы өзгермеген. 2017-2018 оқу жылындың жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы 1-9 сыныптарда 45,6 пайызды көрсетсе, 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында білім сапасы 50 пайыз .
Мектеп
тің
атауы Оқушы саны Екпінді
орташа саны %
жалпы
есептен
Сыныптар бойынша үздіктер саны
№6 негізгі мектеп 370 1 сын 2 сын 3 сын 4 сын 5 сын 6 сын 7 сын 8 сын 9 сын
Үздіктер
Саны 40 13,2% 7 12 8 7 3 1 2 -
Екпінділер
Саны 125 37,8% 20 32 19 12 15 12 9 6
Орташа
саны 205 50,% 25 35 28 22 23 24 25 23

Мектеп мұғалімдері оқушылардың білім сапасын арттыруда өз үлестерін салуда, 2017-2019 жылдар аралығында мектептегі мұғалімдердің басым бөлігі жаңартылған білім мазмұны аясындағы өз білімін көтеру курстарына, физика пәні мұғалімі үш тілділік курсына сонымен қатар,қашықтық өз білімін көтеру курстарыннан өтіп,балалардың оқуына деген ынтасының жоғарылауымен функционалдылық сауаттылықтарын көтеруіне ықпал жасауда.Сонымен қатар мектеп әкімшілігігінің қолдауымен 5-9 сыныптар аралығында тегін қосымша сабақтар ұйымдастырылған,сабақтан тыс уақытта пән мұғалімдері қосымша сабақ кестесі бойынша үлгерімі төмен,дарынды оқушылармен жұмыс жасауда.Оқу жетістіктерін сырттай бақылау бойынша 9 сыныптардың жеке қосымша сабақ кестеі де жасалынып,тегін сабақ берілуде. Сыныптағы үлгерімі төмен болмаса сыныптың оқу деңгейі нашарлаған сынптармен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен дамытушы топтар бірігіп зерттеу сабақтарын жүргізуде.Оқу мен тәрбие бірге жүреді демекші,мектеп пен ата-ана арасында сондай қарым-қатынас болуы керек. 21 ғасыр балаларын ештеңке білмейді болмаса,сабақ оқи алмайды деудің өзі артықшылық,сол себепті үйде ата-ана ,мектепте мұғалім оқушылардың білім алуына өз қызығушылықтарын танытып,жан жылулықтарын бөлсе , білім сапасының жоғарылауы,оқушылардың оқуға деген ынтасының жақсаруы едәуір мүмкін.
«Тәрбие мәселесі – мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» - деп М.Ғабдуллин атап көрсеткеніндей, тәрбие үздіксіз жүргізілетін әрі қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуметін арттыруға оқыту мен тәрбиені біріктіруге тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, 2018-2019 оқу жылында педагогикалық ұжымның алдында тұрған мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету жолында ДТЖО, ДҚІЖО, әлеуметтік педагог, мектеп психологы, аға тәлімгер, сынып жетекшілер, оқушылар кеңесі, Жас ұлан, Жас қыран ұйымдары, сынып әкімдері, ата-аналар кеңестерімен бірлесе тәрбие жүйесі ұйымдастырылған.
Тәрбие жүйесі әртүрлі жұмыстар негізінде құрылған: сынып сағаттары, мектеп дәстүрлерінің негізінде мектепішілік іс - шаралар, сыныптың іс - шаралары, кәсіби бағдар жұмыстар, зерттеу – ізденушілік жұмыстар, шығармашылық жұмыстар мен қатар мектептің тәрбие жұмысының негізгі 8 бағыттарымен жұмыс жүргізілді.
1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиелеу. 2018-2019 оқу жылының тәрбие жұмысының бастауы 1-ші қыркүйек «Білім күні» мерекелік лездемемен басталды. “Менің өз елімнің патриотымын” тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Ұстаздар мерекесіне орай барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
3. Рухани - адамгершілік тәрбие. Оқушылардың бойына адамгершілік рухани құндылықтарды сіңдіру бағыты бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Мектебімізде 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы жоспарланып өткізілді. Акция барысында 21 оқушыға , жалпы сомасы 245 000 (екі жүз қырық бес мың) теңгеге көмек көрсетілді.
, «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «КВН», «Күз еркесі – 2018»-сынды іс шаралары өткізілді, аудандық «КВН»-ге қатысып 3-ші орынды иелендік осы іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып жақсы деңгейде өтті.
Шығармашылық көрмелер, сурет байқаулар, «Тұңғыш президент» күніне, 16 желтоқсан-тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мектебімізде сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне орай «Ең керемет мереке – ЖАҢА ЖЫЛ» атты кеш өткізілді.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Оқу жылы басында басқару ұйымының жұмысын қалыптастыру мақсатында сайлау өткізіп, 8 «а» сынып оқушысы Багленова Құралай «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы болып сайланды. Білім министрі-Тұрғынбай Ұлжан, құқық министрі-Сайлаубек Сажида, Мәдениет министрі-Омар Тоғжан, Экология және еңбек министрі-Өкен Айбар, Спорт министрі-Жолыш Нұрдаулет болып тағайындалды.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Жыл сайын салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепішілік спорттық жарыстар өткізілді. Мектеп оқушылары аудан бойынша президенттік тестке 4, 7, 9 сынып оқушылары қатысып орындарға ие болды.Оқушылар сабақтан тыс Тоғызқұмалақ, Футбол, Баскетбол үйирмелеріне қатысып жүр.
Тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының ашық турниріне біздің оқушылар Жолыш Қанат, Жолыш Қанат, Мәлік Айжан, Орынбай Ұлдана, Сабырбай Альбина,Жарылғас Азихан,Ерболұлы НұрдәулетАлланазар Елнұр, Смаил Мейрамбек қатысып ІІ жүлделі орын алып дипломдармен марапатталды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «балалар шығармашылық орталығынан» жетекшілер келіп сабақтан тыс «Өлкетану», «Би» үйирмелерін өткізіп отыр.
Психологиялық қызметтің 2018-2019 оқу жылының жылдық жоспарына сүйене отырып, қыркүйек айында диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, АКТ жасақталды. Мектеп қабырғасына қабылданған 1сынып оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бейімделуі әлі де қиын оқушылар анықталды олар: 1а – бойынша 2 оқушы, Мансур Сумая,Усенбаев Алибек.1ә-бойынша 2 оқушы.Бұл оқушылардың даму деңгейі туралы сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшілерге, жеке ата-аналарға ұсыныстар берілді. Әлеуметтік бағыт бойынша ПМПК шешімімен инклюзивті оқыту «Ерекше» және «Үйден оқытылатын» оқушылар есепке алынып, жеке карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жасалынды. Инклюзивті оқыту бойынша 12 оқушы.
«Үйден оқытылатын» оқушылар: 4 оқушы.
2018-2019 оқу жылында өзге мекемеден ауысып келген оқушылар тізімі құрылып, диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, диагностикалық жұмыстары бойынша жеке кеңес жүргізілді. Осы оқушылардың ата-аналарымен әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері, психолог бірлесе отырып жеке кеңестерін жүргізді.Психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша 5-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға бейімделу кезеңінің жағдайын зерттеу жүргізілді.5-ші сынып оқушыларының мектепке беймазалықтың нысанын және деңгейін анықтау мақсатында қыркүйек айында Филипстің «Мектепке беймазалық»тесті жүргізілді.Зерттеу жұмысына 41 оқушы қатысты. Оқушылардың 91 % - ның бойынан мазасыздану белгілері байқалған жоқ. Оқушылардың оқуға, жаңа пәндерге, пән мұғалімдеріне деген көзқарасын және қызығушылықтарын анықтау мақсатында «Оқуға қарым-қатынас» сауалнамасы жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың жаңа пәндерге, пән мұғалімдеріне деген көзқарасы мен қызығушылықтары анықталды. Оқушылардың жауаптарынан олардың барлығына 5-сыныпта оқу ұнайтындығы байқалды. Олардың басым бөлігінің дене шынықтыру, математика, технология және әдебиет сабақтарына деген қызығушылықтары жоғары. Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен, ерекше назардағы оқушылармен құқық бұзушылықпен қараусыздықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша есепте тұрған және тәуекел топ, инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылар, қолайсыз отбасы балаларының жеке тұлғасын зерттеу арқылы мінез – құлықтарына педагогикалық-психологиялық мінездеме жазылды.
Сынынып жетекшілердің сұранысы бойынша үлгерімі төмен, сабаққа келгісі келмейтін, қиын оқушылар, ерекше назардағы оқушылардың ата-аналарымен жеке кеңестер жүргізіліп отырылды. 8.09.18-13-14.10.18 аралығында Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министірлігі Балалардың Құқықтарын Қорғау Комитетінің Тапсырмасы бойынша
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ жүргізіліп, хаттамалары жазылды.
Инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары бойынша сабақ кестесі құрылып күнделікті сабақтар өткізілді. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік таным қабілеттерінің даму деңгейін, соның ішінде ой-өрісін дамытатын психологиялық жаттығулар мен ойындар түрі «Мен қандаймын» , «Менің жетістігім» жүргізілді. Таным қабілеттеріне байланысты суреттік тесттер, «Төрт суретті тап», «Артықты ал», есте сақтауға байланысты суреттік тапсырмалар жүргізілді.
Кәсіби бағыт-бағдар жұмыстарына байланысты 9 сынып оқушыларына «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында психологиялық тренинг сабақ өткізілді.
Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы жыл басында бекітілген жылдық жоспар негізінде жүргізілді. Бала тәрбиесін жүйелі жүргізу үшін тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне баланың отбасы құрамын, тұрмыс жағдайын, ата-ананың білімі мен қаншалықты балаға уақыт бөлетінін, отбасындағы психологиялық ахуалды, баланың жеке психологиялық даму деңгейін, білу мақсатында біршама педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттер жасалынды.
2018-2019 оқу жылында ПМПК қорытындысы бойынша үйде оқытылатын оқушылардың құжаттары қабылданып, оларға оқу жоспарына сәйкес пән мұғалімдері белгіленіп, сабақ кестесі құрылды. Үйде оқитын оқушылар оқулықтармен және отбасының тұрмыс жағдайын ескере отырып, парта орындықпен қамтамасыз етілді. Екі оқушыға аудандық білім бөлімінен компьютер берілді. Сонымен қатар, мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттары мемлекеттік стандартқа сай жинақталды.
Бала тәрбиесін жүйелі жүргізу үшін тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне баланың отбасы құрамын, тұрмыс жағдайын, ата-ананың білімі мен қаншалықты балаға уақыт бөлетінін, отбасындағы психологиялық ахуалды, баланың жеке психологиялық даму деңгейін, білу мақсатында біршама педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттер жасалынды. Мектептің әлеуметтік төлқұжаты бойынша әр түрлі категориядағы отбасынан шыққан балалармен зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тұрмыс жағдайын зерттеу т.б.) жүргізілді.
Мектебімізде 53 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Коп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар, Худайберген Ақжол 4ә, Орынбай Ұлдана 5а, Калимбетов Айбол 6а аудан әкімінің шырша тойына барып, сыйлықтар алды. Көп балалы отбасынан шыққан 6ә сыныбының үздік оқушысы Махсетбаева Жадыра Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Тараз қаласында өткізілген шыршатойына қатысып, сыйлықтар алды.
Сонымен қатар, үйде оқытылатын оқушылар мектепте өткізілген жаңа жылға арналған іс-шараға қатыстырылып, сыйлықтар берілді.

№ 6 негізгі мектебінде оқушылардың жалпы саны 462, оның ішінде жайсыз отбасы – 2, мектеп бақылауында – 3 оқушы, мектепішілік есепте-2, ҚАІІБ – нің есебінде түрған – 1 оқушы. ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша. Ата – аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 2 ата – ана жауапкершілікке тартылды.
Мектеп бойынша жалпы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі әр күн сайын бақыланып, анықтамасы ай сайын жазылып отырады.
Барлық сыныптарда оқушылар көбінесе денсаулығына байланысты сабақтан қалады. Ағымдағы оқу жылында оқушылардың
қатысуларының қорытынды нәтижесі бойынша себепсіз бір айда 10 күннен аса сабақтан қалған оқушылар жоқ.
2018-2019 оқу жылына арналған нашақорлық бекетінің жұмыс жоспары құрылған. Жоспар бойынша: қазан айында «16 қазан Дүниежүзілік алкогольден бас тарту күніне» арналған 8-9 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «16 қазан Дүниежүзілік алкогольден бас тарту күніне» орай СӨС өкілдерімен және нарколог дәрігерімен отырыс өткізілді, оқушыларға темекінің, нашаның, насыбайдын, ішімдіктің зияндығы туралы айтылып өтті және нашақорлықтың салдары туралы оқушыларға бейнетаспа көрсетілді. Қараша айында халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне орай тақырыптық стенд жасалып, сонымен қатар 7 – 9 сынып оқушыларына нашақорлықтың алдын алу мақсатында СӨС өкілдерімен және нарколог дәрігерімен отырыс өткізілді. Атап өтсек Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқығы туралы» Конвенциясының қабылдау күніне орай «Жаңа ғасырдағы адам құқықтары» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Нуралина Э. 9»А» сыбында семинар өткізді.
27-29 қараша аралығындареспубликалық «Мен және менің полицейім» акциясы аясында жастарды тәртіп, тәрбиеге шақыру мақсатында өткізілген іс-шара барысында, №6 негізгі мектеп ІІІ-орынға иеленсе, «Жас ақын» номинациясында 8 «А» санып оқушысы, Қожахбет Жұлдыз 3 орын иеленді. Ал 9 «А» сынып оқушысы Сайлаубек Сажида «Үздік суретші» номинациясында 1-орын иеленді.
Желтоқсан айында 1 желтоқсан ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай мектепте жоспарға сай бірнеше іс-шаралар өткізілді.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған АИТВ, СПИД дертін алдын алуға 1-9 сыныптар арасында сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілер білім алушыларға бүкіл жер шарын басып келе жатқан індет екенін, сондықтан осы аурудан сақтану туралы атап өтті Мектеп бойынша барлық оқушылар төс жактарына қызыл лента тағылып, ол лентаның не себепті қызыл түсті екені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Мен өмір сүремін!» « Мен өмірді жақсы көремін!» тақырыбында 7-9 сынытар арасында мектеп психологі Бақбергенова Г. психологиялық тренинг жүргізді. 9 сыныптар арасында «Мен ЖҚТБ туралы не білемін ?» атты сауалнама алынды. 6 «Ә» сынып жетекшісі Тоқтогулова А өз сыныбында «Ғасыр дерті» тақырыбында ашық сынып сағатын үйымдастырып, жақсы деңгейінде өткізді Бұл ашық сабақта оқушылар тек қана СПИД туралы айтып өтпей, жаман әдеттер , яғни анаша, темекі, алкогольдік ішімдіктерден жасөспірімдер сақ болу туралы мәліметтерімен бөлісті.
Оқушылардың бос уақытын қадағалау мақсатында, ҚАІІБ-ң қызметкерлерімен бірлесе отырып, рейдтер жасалды. Сабаққа келмей жүрген оқушылардың үйіне бару. Аудандық мобильді топ мүшелерімен бірлесе, мейрам күндері, демалыс кездерінде Қордай ауылының кафе, букмекерлік клубтарына рейдтер жасалды. Рейдтердің қорытындысы бойынша, біздің мектептің оқушылары беймезгіл уақытта жүрмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар айына бір рет құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға мектеп инспекторымен бірлесе отырып, Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін түсіндірме жұмыстарын үйымдастырып, мектеп инспекторы Аяпберген Р. өткізді.
Қорытындылай келе мектеп ішкі тәртібін бұзып, қаңғыбастықпен ҚІІБ-нде есепте тұрған -1 оқушының құжаттары Тараз қаласында ювенальді сотта қарастырылып, 25.12.2018ж Тараз қаласының арнаулы мектепбінде білім алуға шешім шығып, оқуға жүберілді. Енді тағы да -1 оқушымыз ҚІІБ-нле есепте «ұрлық» жасағаны үшін алынган. Осы оқушымыздың сотқа құжаттары жіберіліп, соттың шешімін күтуде.



Мектеп директоры: А.Керимбаев

Категория: ---