» Материалы за Май 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Хаттама №4

Автор: admin от 21-05-2019, 21:15, посмотрело: 351

4 Хаттама №4
Мектеп №6
Мерзімі: 15.05.2019ж
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері- 4 адам
Мұғалімдер: 15адам
Ата-аналар -56 адам

Күн тәртібінің мәселелері:
1. 2018-2019 оқу жылының аяқталуы.
Мектеп директоры А.Керимбаев.
2.Отбасы туралы баяндама. Жазғы демалысты ұйымдастыру.
ДТІЖО –А.Аскарова
3. Жазғы демалыс уақытындағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі.
ДҚІТЖО –М.Миралиева
4.Әр түрлі мәселе

Бірінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылының аяқталуы туралы мектеп директоры А.Керимбаев сөйледі.
Жалпы ата-аналар жиналысын құттықтау сөз кезегімен ашты. Жиналыстың өткізілу тәртібі мен мақсат-міндеттерін атап көрсетті. Оқу жылының аяқталуына байланысты талап-міндеттерді атап көрсетті.
Екінші мәселе бойынша, ДТІЖО А.Аскарова сөйледі. Біріншіден жиналған ата-аналарды 15 мамыр – Отбасы күнімен құттықтап, отбасының бала тәрбиелеуге маңызды екенін атап өтті.Екіншіден, жазғы демалысты ұйымдастыру туралы айтты.
Жазғы демалыста 1-4 сыныптарда мектепішілік «Толағай» лагері жұмыс істейтінін айтты. Және 5-8 сыныптар ауланы көгалдандыру жұмыстарына тартылатынын атап өтті. Жазғы демалыс мектепте тиімді пайдалана отырып , лагерьде түрлі іс-шаралар өткізілетіндігі туралы ақпарат берді.
Үшінші мәселе бойынша, жазғы демалыс уақытындағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы ақпаратты ДҚТІЖО М.Миралиева берді. Жазғы демалыста балалардың өмір қауіпсіздігі, яғни суда шомылу жағдайында, демалыс орындарда өмір қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді. Слайдпен түсіндіру арқылы суда шомылу қауіпсіздігіне түрлі түсіндірме жұмыстары түсіндірілді. Жазғы демалыста балалардың өмір қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты екендігін айтты.
Төртінші әр түрлі мәселе бойынша, ата-аналарға түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мектеп формасының үлгілерімен таныстырып өтті.

Қаулы етті :
Оқушылардың жазғы демалысындағы уақытын тиімді пайдалану, өмір қауіпсіздігіне ата-ананың жауап беруі

Мектеп директоры: А. Керімбаев

Хатшы: Әшімхан Д.


Категория: Мектеп әкімшілігі

 

15-мамыр - ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы

Автор: admin от 14-05-2019, 02:26, посмотрело: 180

14 Сағат:17:00

15-мамыр - Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке әлемдегі әрбір "қоғам ұяшығының" қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы тұрақтылық пен дамудың басты факторы болып табылады. Ата - аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек. Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болады.

Құрметті ата-аналар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі Сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады.

Әкімшілік

Категория: ---