Қамқоршылық отырысы » №6 орта мектеп
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 2-46-74
Есепші бөлімі:
+7(72636) 2-45-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық отырысы
22
январь
2020

Қамқоршылық отырысы

№2 Хаттама
17.01.2020ж Қордай ауылы
Мектеп директорының және мектеп инспекторының 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығының қорытынды есебі.
Қамқоршылық кеңес мүшелері: - 5
Мұғалімдер:20
Ата-аналар: 53
Күн тәртібінің мәселелері:
1. І -жарты жылдық есеп.
Мектеп директоры А.Керимбаев.
2.АІІБ мектеп инспекторының жарты жылдық есебі.
Мектеп инспекторы Р.Аяпберген.
3.Әр түрлі мәселе

Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры А.Керимбаев ашып, ата-аналарды күн тәртібімен таныстырды. Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры өз баяндамасындағы мектептің білім
сапасымен,оқушылардың І жарты жылдығындағы жетістіктерін ,қанша оқушыға көмек көрсетілгенін сонымен қатар, мектепішілік іс-шаралары туралы баяндады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, педагогико-психологиялық жағдайы туралы да мәлімет берді.
Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Р.Аяпберген сөйледі: № 6 негізгі мектебінде оқушылардың жалпы саны 457, оның ішінде жайсыз отбасы – 3, мектеп бақылауында – 2 оқушы, мектепішілік есепте-2, ҚАІІБ – нің есебінде түрған – 1 оқушы. Мектеп бойынша жалпы оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі әр күн сайын бақыланып, анықтамасы ай сайын жазылып отырғанын айтты.
Қорытындылай келе мектеп инспекторы қыркүйек айынан бастап бекітілген жоспар бойынша оқушылармен әр түрлі тақырыпта жұмыс жүргізгенін айтты.
Үшінші мәселе бойынша ата-аналардың қойылған сұрақтарына мектеп директоры және мектеп инспекторы жауап берді. Күнделік kz , оқушылардың үйірмеге қатысуы, түнгі уақыты, уялы телефон және т.б сұрақтар қозғалып жауабын алды.
Қамқоршылық отырысы
Қамқоршылық отырысы

Шешімі: Мектеп директорының І жарты жылдығы бойынша есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

Төраға: Умиралиев Қ
Төраға орынбасары: Акимбаев Ю
Хатшы: Утельбаева Т
Мүшесі: Қани А
Мүшесі: Амерқулов М




Мектеп директоры: А.Керимбаев