"Таң жұлдызы-2020" » №6 орта мектеп
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 2-46-74
Есепші бөлімі:
+7(72636) 2-45-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Таң жұлдызы-2020"
19
февраль
2020

"Таң жұлдызы-2020"

Анықтама

30.01.2020 жылы мектепшілік «Таң жұлдызы-2020» байқауы өткізілді. Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, дауыс ырғағын сынау. Өнерге біртабан жақындату мақсатында 5-9 сыныптар арасында өткізілді. Байқауға 10 қатысушы қатысты. Байқау оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өткізілді: 

  • 5-6 сынып аралығында:

1.Ретро ән    2. Патриоттық ән

  • 7-9 сынып аралығында:
  • Халық ән          2.Шет ел әні

Байқауды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасы сайланды: 

  1. Балбекова А.К. – ДТІЖО
  2. Байболатова Қ.Ш – вокал үйірмесінің жетекшісі 
  3. Лепесов А.А. – денешынықтыру пәні мұғалімі

Әділ қазылар әр бір кезең бойынша бағалау жұмыстарын жүргізіп отырды. Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-6 сынып  аралығында 4 оқушы, 7-9 сынып аралығы бойынша 6 оқушы қатысты. Әр оқушы өзін, өзінің бар өнерін көрсете білді. Зал көрермендерге толы болды. Байқаудың қорытындысы бойынша 3-ші орынға Мәлік Айжан, 2-ші орынға Жұмабай Ақылбек, 1-ші орынға Темірбай Жансая ие болды. Өзінің керемет талантымен Омар Тоғжан бас жүлдеге ие болып. Аудандық жарысқа жіберілді.