20
март
2020
"Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!"
22 наурыз күні армандарыңыз орындалып, көктем сіздерге бар жақсылығын әкелсін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптестер, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өмірілеріңізге бақыт, жұмысыңызға шығармашылық шарықтау тілейміз! Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңызға жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңымыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп келіп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!