11
июнь
2021
Асхат Аймагамбетов
Қымбатты әріптес!
Міне, баршамыз үшін қиын әрі ерекше болған оқу жылы да өз мәресіне жетті.
Бұл оқу жылы аянбай қызмет еткен әр мұғалімнің ерен еңбегімен және ерлігімен есімізде қалары сөзсіз. Мектептерге мүлдем жаңа оқыту әдістеріне көшу оңайға соқпағанын бәрі бірдей түсіне бермейді.
Өкінішке орай, біз дәстүрлі оқыту форматына толықтай көше алмадық. Пандемияның салдары білім беру жүйесіне әлі де әсер ететіні анық.
Дегенмен, Сіз барлық қиындық пен сын-тегеуріндерге қарамастан, сабақтарыңызды ұтымды ұйымдастырып, мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсете алдыңыз.
Сіз ұстаз мамандығының сезімталдық, балаларға деген қамқорлық және адамгершілік сынды ең жақсы қасиеттерін танытудың жарқын үлгісіне айналдыңыз.
Алайда, жұмсалған күш-жігерге қарамастан, қашықтан оқыту кезінде әртүрлі себептерге байланысты артта қалған балалардың білімдері мен басқа оқушылардың білім деңгейін салыстырғанда алшақтық байқалады.
Бұл жағдайдың орын алғанына балалар кінәлі ме?
Әрине, балалардың еш кінәсі жоқ. Олар дәстүрлі форматта білім алса, Сіздің қолдауыңызды сезініп, өздерін көрсете алар еді деп сенемін.
Оларға бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін мүмкіндік беруіміз керек пе?
Әлбетте. Мен, сіздің әріптесіңіз ретінде, мамандығымызға тән қасиет - ізгілікке ұмтылып, шәкірттеріңізге көмек қолын созуыңызды сұраймын.
Жігерлі әрі алғыр мектеп оқушыларымен жұмыс істеу оңайырақ.
Дегенмен, пандемияға байланысты оқу бағдарламасынан қалып қойған оқушылармен жұмыс жасау оңай емес.
Оқушылардың білімі бойынша артта қалуы олардың мүмкіндіктері сондай деген сөз емес.
Білім берудегі олқылықтарды қиын жағдай мен оқушыларды жігерлендіру деңгейінің жеткіліксіздігімен сипаттауға болады.
Мұндай балалар қазір барлық назарымызды қажет етеді. Олардың әлеуеті зор. Сондықтан балаларымызға қолдау көрсетуіміз керек.
Бүлдіршіндерімізді өз қамқорлығыңызға алып, қиындықтарға қарамастан олқылықтардың орнын қосымша сабақтар өткізу арқылы толтырасыздар деп үміттенемін. Менің бұл өтінішімді қабыл алуыңызды сұраймын.
Сонымен бірге Сізді жазғы мектептердің жұмысына 26 мамыр - 20 маусым аралығында белсене қатысуға шақырамын.
Осы жылы соңғы қоңырау мерекесінде ерекше сезімге бөленгеніңізді білемін. Өйткені, бір жағынан оқу жылы аяқталып жатса, екінші жағынан - жазғы мектептер жұмыс істей бастады. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз.
Қашықтан білім беру кезінде әріптестерім әлеуметтік желілерді белсенді әрі еркін меңгере бастап, өз сабақтарына ойын элементтерін енгізе бастағанын ерекше атап өткім келеді.
Біз, әрине, осындай кәсіпқой мамандарымызды үнемі қолдап, оларды басқалар үшін үлгі етеміз. Бұл үрдіс ұмытылмай, керісінше, одан да үлкен әсерге ие болады деп үміттенемін.
Оқушыларға тәрбие беру мәселесі мұғалім жұмысында өте маңызды, сол себепті бұл бағытта ата-аналармен бірлесе жұмыс жасалуы тиіс.
Сіз баламен оның жанында отбасы мен жақындары болмайтын бөтен ортада жұмыс жасап, оқушының бойында болуы мүмкін проблемалары туралы ата-аналарына дер кезінде айта аласыз.
Бала отбасында да, мектепте де оған баса назар аударылатынын сезінуі керек. Бұған тек ата-аналармен тығыз байланыста, олармен тең және серіктестік қарым-қатынас құру арқылы қол жеткізуге болады.
Балалардың қызығушылығын оятып, оларды қателіктері үшін айыптамаңыз. Керісінше, орын алған қателіктерін түзетуге көмектесіңіз. Соңы сәттілікке ұласпаған әрекеттерінен кейін үміт пен сенімді жоғалтпауға үйретіңіз. Балалар өзгеше ойлап, өз пікірін білдіргендері үшін олардың ұпайларын төмендетпеңіз.
Қазір балаларымыз оларға барынша түсіністікпен қарағанымызды аса қажет етеді. Оларға махаббат пен қамқорлық қажет.
Біз бүлдіршіндеріміздің мектепке барып, білім алғандарын қалаймыз.
Сонымен қатар балаларымызды басқалармен салыстырғанымызды тоқтату керек.
Пандемия жағдайы мұғалімнің басты қызметі тек ақпарат беру емес, сондай-ақ оның басқа да міндеттерін айқындап берді. Атап айтсақ, балаларға қолдау көрсету, жанашырлық таныту, оларды ынталандыру, көмек қолын созып, тәлімгер болу.
Бүгінгінің балалары мүлдем өзгеше, олар өздерін еркін ұстайды. Ендігі кезекте олардың бойларындағы жақсы қасиеттерді сақтап, одан әрі дамыту - біздің басты міндетіміз.
Қымбатты әріптестерім!
Хатымды аяқтай отырып, Сізді вакцинация науқанында белсенді азаматтық ұстанымыңызды танытып, вакцинация туралы ғылыми деректерді тарату барысында көмек көрсетуіңізді сұраймын. Сондай-ақ аталған тақырып аясындағы жалған ақпаратпен күресуге шақырамын.
Мен оқытудың дәстүрлі форматын қолдаймын және бүлдіршіндеріміз үшін мектеп есіктері айқара ашылады деп үміттенемін.
Халық вакцинация науқанына неғұрлым белсенді қатысса, әдеттегі өмір ырғағына соғұрлым тезірек оралатынымыз сөзсіз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты қолдауының арқасында пандемия зардаптарын азайту мүмкіндігіне ие болдық. Қиындықтарды еңсеріп, оқу үрдісін қамтамасыз ете алдық.
Осы қиын-қыстау кезеңде мен Сізбен бірлесе отырып, жұмыс істеу құрметіне ие болдым.
Осы ретте түсіністік танытып, қолдау көрсеткеніңіз үшін және адал қызметіңіз үшін алғыс білдіремін! Баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін рақмет!
Сіз – нағыз батырсыз, биылғы оқу жылының басты кейіпкері атандыңыз.
Сізге сәттілік, мықты денсаулық тілеймін! Өзіңіз бен жақындарыңызға жанашыр болыңыз!
Жазғы демалыс кезінде жақсы демалып, жаңа оқу жылына күш-қуатпен оралуыңызды тілеймін.
Жаңа оқу жылында жолыққанша!
Ізгі ниетпен,
Асхат Аймағамбетов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Дорогой коллега!
Вот и завершился сложный и необычный для всех нас учебный год.
Этот год запомнится как год самоотверженного и порой героического труда каждого учителя.
Не все могут понять, насколько сложно было школе перестроиться на абсолютно новые методы обучения.
К большому сожалению, мы не смогли перейти полноценно к традиционному формату обучения.
Последствия пандемии для системы образования нам еще предстоит прочувствовать.
Но, несмотря на все те трудности и вызовы, с которыми мы столкнулись, каждый из вас сумел организовать занятия, дать максимально возможный и эффективный результат.
Вы стали ярким примером проявления лучших качеств нашей профессии – чуткости, заботы, внимания по отношению к детям и человеколюбия.
Однако, несмотря на все титанические усилия, дети, которые отставали в обучении, в период дистанционного обучения в силу разных объективных причин, к сожалению, увеличили свой разрыв в знаниях по сравнению с другими учениками.
Виноваты ли эти дети в этом?
Конечно, нет. Уверен, что при традиционном формате они сумели бы проявить себя, чувствуя Вашу поддержку и внимание при личном присутствии.
Нужно ли предоставить им возможность восполнить имеющиеся пробелы?
Безусловно, нужно. И я прошу Вас как коллегу проявить величайшую добродетель, которая является гордостью нашей профессии, а именно – протянуть руку помощи своим ученикам.
Легче всего работать с мотивированными и хорошо организованными школьниками.
Но более сложной и в то же время более важной является работа со школьниками, которые из-за пандемии увеличили отставание по программе.
И это отставание ни в коем случае не характеризует их возможности.
Это характеризует недостаточность условий, особенности мотивации, особые условия жизни и обучения.
Такие дети требуют сейчас большего внимания. У них огромный потенциал. И именно сейчас мы должны оказать им поддержку.
Я прошу и надеюсь, что Вы откликнитесь на мою просьбу, возьмете несколько детей под свое шефство, организуете диагностику пробелов и затруднений, проведете дополнительные уроки.
И еще я призываю Вас активно участвовать в работе летних школ с 26 мая по 20 июня.
Я знаю, что в этом году праздник последнего звонка Вы встретили с двойственными чувствами.
Вроде бы конец учебного года, но в то же время впереди летние школы.
Мы сделаем все возможное, чтобы это не повторилось.
Отдельно хочу отметить, что в период дистанционного обучения многие коллеги стали активно осваивать социальные сети, вносить игровые элементы в свои занятия.
Таких профессионалов своего дела мы, конечно, будем поддерживать и ставить в пример. Надеюсь, что этот тренд не будет забыт, а наоборот, приобретет еще больший эффект.
Крайне важной в работе педагога становится и воспитательная часть, здесь необходима работа с родителями.
Вы как никто другой видите ребенка в иной для него среде, без семьи и близких, и можете вовремя подсказать родителям о проблемах, которые могут возникнуть у ученика.
Важно, чтобы ребенок чувствовал внимание и в семье и в школе. Этого можно добиться только в тесной связке с родителями, выстраивая с ними равные и партнерские отношения.
Пожалуйста, поощряйте любопытство детей, не ругайте их за ошибки, наоборот, помогайте найти и исправить их. Учите их не терять надежду и мотивацию после неудачных попыток, не снижайте им баллы за исправление ошибок, за помарки, за то, что дети думают по-другому, за то, что они выражают пусть отличное от нашего, но свое мнение.
Дети сейчас нуждаются в понимании. Они нуждаются в любви и заботе.
Нужно сделать так, чтобы они с удовольствием ходили в школу и получали знания.
Нам надо перестать сравнивать детей и навешивать на них ярлыки.
Пандемия показала, что учитель должен сфокусироваться не столько на передаче информации, сколько на реализации главной миссии: поддерживать детей, сочувствовать, мотивировать, объяснять и помогать, быть наставником.
Дети стали другими, стали лучше, свободнее. Наш долг – поддерживать и развивать их лучшие качества.
Заканчивая письмо, прошу Вас, дорогой коллега, проявить активную гражданскую позицию в кампании вакцинации, помочь распространить научные факты и знания о вакцинации, бороться с лженаучными аргументами и мифами вместе с учеными.
Я сторонник традиционной формы обучения и надеюсь, что нам удастся открыть двери школ для всех детей.
И чем быстрее население будет вакцинировано, тем быстрее мы войдем в привычный для нас ритм.
Благодаря постоянной поддержке Президента страны К.К.Токаева, нам с Вами удалось минимизировать последствия пандемии, сгладить ситуацию и обеспечить учебный процесс.
В этот сложный период мне выпала честь работать с Вами.
Большое спасибо и низкий поклон Вам за понимание, поддержку и самоотдачу.
Вы стали героем этого тяжелого учебного года.
Успехов Вам, крепкого здоровья, берегите себя и своих близких!
Желаю в период летнего отпуска хорошо отдохнуть и вернуться в школу с новыми силами.
До встречи в новом учебном году.
Искренне Ваш,
Асхат Аймагамбетов
Министр образования и науки Республики Казахстан