28
февраль
2022
1 желтоқсан

№6 негізгі мектебінде 2021 жылдың 1 желтоқсаннында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу Іс-шара барысында 1-4 сынып оқушылары газет қабырғаларын шығарып дәлезге ілінді. Сонымен бірге 30-і қараша күні сағат 15:00-де «1 желтоқсан – Тұнғыш Президент» күніне орай акт залында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс шара өткізідік. Іс шараны 9 «ә» сынып қыздар «Қазақ» биімен ашты.Сонымен қатар жүргізушілер ұстаздарды, оқушыларды Президент күнімен құттықтап сөз кезегін мектеп директоры Керимбаев А.А берілді.Оқушылар Отан, Қазақстан Елбасы туралы патриоттық әндерін орындады. Сонымен бірге барлық сыныптарда «1 желтоқсан –Тұнғыш Президент күніне» орай сынып сағаттары өткізілді.Мектеп дәлізне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір баяны мен өмір жолы туралы жазылған кітаптары көрмеге қойылды. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек.