«ЖасҰлан-ЖҰЛДЫЗЫ»

2022 жылы 21 ақпанда жоспарға сай арналған тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында №6 негізгі мектебінде 5-7 сынып оқушылары арасында «ЖасҰлан-ЖҰЛДЫЗЫ» атты патриоттық ән байқауы мектеп мәжіліс залында сағат 12:00 де өкізілді.
Байқаудың мақсаты:
- балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру.
- Дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың шығармашылығын дамыту;
- Жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу;
- Өнерге деген құштарлығын арттыру, сахна құдіретін сезіне білуге үйрету.
Байқаудың өткізілген шарттары
1. Патриоттық ән
2. Еркін тақырып
Бағалануы:
Вокалдық ерекшеліктері, сахналық киім үлгісі, ән орындаушының дауыс ырғағының кеңдігін ескере отырып бағаланды. Байқауда әділқазылар: ДТІЖО Данегулова М.Ж, музыка пәні мұғалімі Сұлтанқұл М.Ш, денешынықтыру пәні мұғалімі Лепесов А.А. төрелік етті.