«Мектеп парламенті Президенті» сайлауы » №6 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 2-46-74
Есепші бөлімі:
+7(72636) 2-45-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Мектеп парламенті Президенті» сайлауы
24
ноябрь
2022

«Мектеп парламенті Президенті» сайлауы

Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес «Мектеп парламенті Президенті» сайлауы өткізілді. Ең алдымен мектеп оқушыларына өзін-өзі басқару Мектеп Парламентінің Президентіне және Мектеп Парламенті депутаттығына үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталғандығы жайында хабарланды. Сайлауға белсенді, шығармашыл, тіл байлығы жоғары, спорт белсендісі, өнерге жақын, ұйымдастырушы қабілеті бар 7-9 сынып оқушылары қатысты. «Егер мен Президент болсам!» тақырыбында А3- форматында газеттер шығарылды және бейнебаян түсіріп, мектеп ішінде үгіт-насихат жүргізді. 5.09.2022-9.09.2022 аралығында кандидатты іріктеу кезеңі өтті. 12.09.2022-22.09.2022 үгіт-насихаттар жүргізіді. 23.09.2022 күні мектеп ішінде сайлау өткізілді. Сайлауда оқушыларды тізіммен белгілеп, сайлау бюллитеньдер таратылды. Сайлауға барлығы 223 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша 54 дайыспен 9 «а» сынып оқушысы Сыдық Аяжан мектеп парламенті Президенті болып тағайындалды. Қалған үміткерлер мектеп парламенті фракцияларына сайланды. Оқушылар асында ешқандай қарсылық болған жоқ. Мектеп парламенті президенттерін ұлықтау рәсімі өткізіліп, мектеп парламенттеріне және мектеп Президенті Сыдық Аяжанға парламен ленталары мен бейджитер тағылды.

Похожие публикации:

30 сентябрь 2022 «Дублёр күні»
24 ноябрь 2022 «Дублёр күні»
08 сентябрь 2021 Хабарландыру