Бракераждық комиссия мүшелерінің тексеру жұмыстарының анықтамасы
Педкеңес № 4
Күні: 5. 12. 2023
Тақырыбы: Бракераждық комиссия мүшелерінің тексеру жұмыстарының анықтамасы
Мектеп асханасын тексеруге бракеражды 7 адамнан комиссия құрылған. Бұйрық № 154 16.09.2022ж
1. Мектеп директоры ; А.Керимбаев .
2. ДТІЖО ; М.Данегулова
3.Қамқоршы кеңесінің және ата-ана комитетінің төрайымы; Ж.Кашкеева 4.Ата-ана комитетінің мүшесі ; А.Кобесова , А. Чолпонбаева
5.Мектеп медбикесі ; Ж. Тугамбаева
6. Әлеуметтік педагог ; Ж.Унербаева . Комиссия құрамының мүшелері.
Комиссия мүшелерінің міндеттері :
- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
- өнімдерді өткізу мерзімдерін;
- тамақ дайындау сапасын;
- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестілігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.
Асханаға, ас блогына келесі параметрлер бойынша тексеріс жүргізілді:
Мектеп оқушылары 2, 4-ші сабақтан кейін кестеге сәйкес тамақтанады. Қоңырау уақыты -15 минут, оқушылар тамақты қоңырау уақытында ішіп үлгереді 1-9 сынып оқушылары сынып жетекшілері кестеге сәйкес кезекшілік атқарады. Мектеп асханасы таза және жылы. Санитарлық – гигиеналық талаптар сақталған. Тағамдар сақталу температурасы сақталған. Асханаға қатысты құжаттар нормаға сәйкес жүргізіледі. Мектеп медбикесі Тугамбаева Жазира күнделікті шикі және дайын тағамның бракеражды журналын жүргізеді. Күнделікті ас мәзірі бойынша дайын тағамның дәмін көреді. Асханадағы қызметкерлердің медициналық кітапшалары талапқа сай. Мектепте 2022-2023 оқу жылына арналған «Тамақтану» бойынша бұйрық бар. Мұғалімдердің кезекшілігі мен оқушылардың тамақтану кестесі бекітілген. Ас мәзірі бекітілген. Күнделікті ас мәзірі бекітіліп қол жетімді жерде ілініп тұрады. Тамақ күнделікті ас мәзіріне сәйкес беріледі. Тамақтың нормасы , әр балаға берілетін граммдық нормаға сәйкес. Тамақтану уақыты нормаға сай. Оқушылар 15 минуттық қоңырауда тамақтанады. Тоқсанына бір рет тамақтану сапасына мониторинг жүргізіледі. Бракеражды комиссия ай сайын жүргізіліп тамақ сапасын граммдық мөлшерін тексереді . Комиссия мүшелерінің қолдары қойылған. Асханада ауыз су режимі қол жетімді жерде ұйымдастырылған, су ішу үшін таза ыдыс бір рет қолданылатын стақандар пайдаланады. Қайнаған ауыз су үш сағат сайын ауыстырылып тұрады. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәулікті сынамасын нақты мәзірге сәйкес қалдырылады, сынамалар тоңазытқышта қақпағы бар шыны ыдыста, кемінде 24 сағат сақталады. Асханада қызмет көрсетуші «ЖШС Мейирманов» тағамдарды уақытында жеткізеді. «Шағымдар мен ұсыныстар кітабы» асханада жүргізіледі. Асхананың санитарлық – гигиеналық жағдайы талапқа сай. Залалсыздандырғыш және жууға арналған құралдар жеткілікті мөлшерде. Ыдыстар таза , уақытымен жуылады. Барлық құрал – жабдықта маркировка бар.
Қорытынды: Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде асханада оқушылардың тамақтануы қанағаттанарлық деңгейде, ешқандай ауытқушылық жоқ.
Анықтама беруші : Ж. С. Унербаева