Мектептегі тамақтандыру жұмысының жүргізу ережелері » №6 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 2-46-74
Есепші бөлімі:
+7(72636) 2-45-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі тамақтандыру жұмысының жүргізу ережелері
27
январь
2023

Мектептегі тамақтандыру жұмысының жүргізу ережелері

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Шерхан Мұртаза атындағы негізгі  мектепте 2022-2023 оқу жылында  тегін ыстық  тамақпен 52 оқушы тамақтанады. Ата-ана баласының қандай тағам жегенін біліп отырады.

Тағамның сапалы пісірілуін кім қадағалайды? Қабылданған қаулыға сай мектептегі ас мәзірі қандай болу керек? Қандай отбасыдан шыққан балалар тамақтанады? Ас мәзірін кім бақылауда ұстайды?

Елімізде мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту жүйесі ауруларының көбейгеніне назар аударған жөн. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 21,5 пайызы, яғни әрбір бесінші жас жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып отыр. Оның бәрі дұрыс тамақтан бағаннан туындап отырған мәселе екенін мамандар алға тартады.

Сондай-ақ, мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттың енгізілгеніне екі жыл болса да, ол туралы оқушы да ата-ана білмеуі мүмкін. Төрт апталық ас мәзірі туралы не білеміз? Әуелі өзгерістерді шолып өтейік.

Мектептің асханасы мемлекеттік және жеке әріптестікке ұзақ мерзімге берілуі мүмкін

Кәсіпкерлерге мектеп асханасын бір жылға ғана жалға алу тиімсіз. Өйткені, сол аралықта сатып алынған құрылғыларды да ақтап үлгермейді сондықтан 3-10 жылға асхананы жалға алу туралы жобаны Тараз қаласының мектептері қолдап отыр. Жүзеге асу үшін Білім және ғылым министрлігі қағидаға өзгеріс енгізу қажет.

– Тамақтанудың нормативтік-құқығы бойынша жаңа қағида әзірленген. Жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы енгізілді. Мектептер тамақтану қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ала алады. Яғни, мектеп басшысы өнім берушімен ұзақ мерзімге келісім-шартқа отырады. 


Заң бойынша тегін тамақ мұқтаждарға беріледі

Олар:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы балаларына (қыркүйек айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28 690 теңге);
  3. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қорғаншы отбасыларда тұратын балаларға;
  4. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шегіп, қиын жағдайда қалып, шұғыл көмек қажет отбасы балаларына;
  5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына жататындығын растайтын құжаттары дайын болса, бюджет есебінен тегін тамақтана алады

І-ауысым бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тамақтану кестесі

І-ауысым/смена


Үзіліс уақыты/ время переменов



Сыныптар/ классы

1

10.05- 10.20


15 минут 

1-4 сыныптар

2

11.50     -12.10


15 минут

5-9 сыныптар

/2022-2023 оқу жылы/

Оларға бір реттік тамақтану нормасы бекітілген

– Онда баланың дене-бітіміне, жас ерекшелігіне байланысты қандай тағамнан, сусыннан қанша грамм ішіп-жеу керектігі жазылған. Мысал келтірер болсақ, 6-10 жас аралығындағы бала бір күнде 33 грамм жеміс шырынын, 4 грамм кисель ішуі керек. Ал, 1 грамм ғана жұмыртқа жейді. Мектеп оқушыларының таға­мында тұздың ұсынылған мөлшері күніне – 5 грамм немесе 1 шай қасықтан аспауы тиіс.

Осы сияқты басқа тағам түрлерінің тізімі жалғаса береді. Осының бәрін асхана қызметкерлері ескеріп, әрбір тағамды таразыға тартып, өлшеніп тұрады

Білім мекемелері мектепке екі апталық ас мәзірін жібергеннен кейін бір реттік тамақтану нормасына сәйкес әзірленеді. Тегін тамақтанатын оқушыларға осы мөлшер бойынша беріледі. Биылдан бастап ас мәзіріне сүзбе, жеміс-жидек, сүт өнімдері мен бал қосылған. Ал, ақылы түрде тағам сатып алатындар ата-ана есебінен болған соң, қалаған тағамын таңдайды.

2016 жылдан бастап мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарт енгізілген

Барлық мектепте бір күнде бірдей тамақ әзірленеді. Жаз бен күз айларына, қыс пен көктем айларына арналған төрт апталық ас мәзірі көрсетілген. Оны мына сілтеме арқылы біле аласыз.