01
сентябрь
2023
1-қыркүйек "Білім күні"
Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде 1-қыркүйек білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын өз дәрежесінде өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мектеп директоры Керимбаев Ардагер Амангелдіұлы алғашқы құттықтауын жолдады. Сонымен қатар Қордай ауданы білім бөлімінің әдіскері Конбаева Акмарал Макседовна өзі ізгі тілегін білдіріп, құттықтап өтті.
1-сынып оқушылары өз өлең шумақтарын арнады. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушымыз Каракулиева Жаннұр “Оқуда озат боламын” әнін шырқады. Мектебіміздің “Алтын саз триосы”, “Айналайын” хоры әндерін жолдады. 9-сынып түлегі Мурзабаева Азалия 1-сынып оқушыларын алғашқы қадамдарымен құттықтады. “Алғашқы қоңырау” биі биленіп, соңында барлық бірінші сынып оқушылар қоңырау соқты. Жиын соңында сынып жетекшілері «Мектебім-мейірім мекені!» атты бірыңғай тәрбие сағатын өткізді.
#Bilim_guni
#алғашқықоңырау🔔
https://www.instagram.com/reel/CwpluXcoleh/