08
June
2021
Ата - аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
№6 негізгі мектебінде Республикалық жалпы ата-аналар жиналысы өткізілдіТақырыбы:2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы
Мерзімі: 22.05.2021ж
Өткізілген уақыты: 09:00
Ата-аналар жиналысының мақсаты:Баланың оқу үлгерімін талдау, жазғы каникулдағы баланың қауіпсіздігін қадағалау. Әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайға байланысты педконсилиум.
2021 жылдың 22 мамыр күні мектепте 1-9 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оқу жылының қорытындылары туралы, баланың оқу үлгерімі туралы ата-аналарға анықтама оқылды, балаларының оқу үлгерімдері туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ жетістіктері туралы да ақпарат беріліп, ұстаздар тарпынан алғыс айтылды. Жыл соңындағы іс-шаралар туралы, жазғы мектептің ұйымдастырылуы туралы, мектеп формасы туралы мәселелер қаралды. Жазғы каникулдағы баланың қауіпсіздігін қадағалау туралы баяндама оқылды, ескертулер айтылды. Ата-аналардың ойлары тыңдалып, ой-пікірлерін білдірді.
Қазіргі пандемияның кезінде, қатаң санитарлық-сақтық шараларын сақтай отырып, дәстүрлі түрде оқылып отырғандықтан мектептің медицина қызметкері аурудың алдын алу, оның симптомдары туралы баяндама оқыды және каратин режимін сақтауды ескертті.
Осыған орай көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілді.