«Қарттарым-асыл қазынам» » Secondary school №6
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 2-46-74
bookkeeping:
+7(72636) 2-45-79
Version for
visually impaired
» » «Қарттарым-асыл қазынам»
03
October
2022

«Қарттарым-асыл қазынам»

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аяMayтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.
Қазанның 1-нде «Қарттарым-асыл қазынам» атты қарттарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама 6 «ә» сыныбымен бірлесе ұйымдастырылды. Мерекеге осы мектепте жұмысістеген зейнеткер Күлдерай апамызбен т.б әжелер шақырылды. Мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп, 6 «ә» сынып жетекшісі Рита Маратовна қарттарға жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті. Іс-шара соңында қарт әжелерге ақ жаулық тағып, қатысқандарына алғыс білдіріп іс-шара сонымен аяқталды.

Похожие публикации:

28 февраль 2022 1 желтоқсан