Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

жаратылыстану-математика әб - нің 2018-2019 оқу жылындағы айлық қорытындысы

Автор: admin от 13-06-2019, 23:02, посмотрело: 201

0 2018-2019 оқу жылындағы №6 негізгі мектебінің
«Жаратылыстану-математика бағытындағы география, биология,жаратылыстану, химия,информатика,тарих,математика» пәндер әдістемелік бірлестік айлығының ашық сабақатар қорытындысының анықтамасы

Айлықтың өткізілген мерзімі: 10.01 -31.01.2019 жыл
Тақырыбы: Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.
Мақсаты: Жаратылыстану –математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тиімді дамыту жолдарын ұсыну.
Міндеттері: Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді жолдарын ұсыну
Күтілетін нәтиже: Жаратылыстану-математика бірлестігі пәндерінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын жетілдіретін жоба ұсыну.
Міржақып Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда»деген екен. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
«Жаратылыстану-математика»бағытындағы пәндері әдістемелік бірлестігінде 9 мұғалім жұмыс істейді.Оның ішінде география пәнінен 1 мұғалім, биология және химия пәнінен 1 мұғалім, тарих пәнінен 1 мұғалім,информатика пәнінен 1 мұғалім,математика пәнінен 3 мұғалім,физика пәнінен 1 мұғалім сабақ береді. Санаты бойынша жоғарғы -1, 1-ші санатты-2, 2-ші санатты-4,санаты жоқ-2 мұғалімдер бар. Олардың ішінде 7 мұғалім сабақтарын жоспар бойынша өткізді.Қалған екеуі себептерге байланысты өткізбеді (Ахильбекова М.Н жүктілігіне байланысты, Сейдахметова К.Т зейнеткерлікке байланысты)
Атап айтатын болсам жаратылыстану пәнінің мұғалімі М.Байбекова 2-ші санатты мұғалім әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша өз сабағын 14.01.2019 жылы 5 «а» сыныбымен «Табиғаттағы заттар айналымы» тақырыбында өткізді. Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін дамыту». Сабақ жоспары нақты құрылған.Сабақта «kahoot»ойыны, «Бір ауыз сөз»әдісі, «Плюс-минус-қызықты»кестесін қолданды. «kahoot»ойыны арқылы үй жұмысын сұрау барысында техникалық ахаулықтарға байланысты ауызша жүргізілді.Оқушылар топтық жұмыстар орындады,бірақ ойларын анық жеткізе алмады.Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізді. Тақырыптық термин сөздермен жұмыс жүргізілді және сөздер плакатқа жазылған үш тілде оқытты.
Кемшіліктер: Сабақ тақырыбына байланысты бейнеролик көрсетілмеді,сабақтың мазмұны ашылмады,уақытты тиімді пайдалана алмады,сабақ өз мақсатына жетпеді.
Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалануға дағдылану,оқушыларды өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Д.Айтжанова- биология және химия пәнінің мұғалімі.Санаты-1.
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: « Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту »
Мұғалім 15.01.2019 жылы 8 «ә» сыныбымен «Терінің құрылысы,қызметі мен маңызы»тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жоспары нақты құрылған. Мұғалім сабағын тренингпен бастады. «Миға шабуыл»әдісі бойынша үй жұмысын сұрап шықты.Бұл әдіс арқылы қабілеті жоғары,үлгермеуші оқушыларға тиімді болды. Жаңа сабақ барысында «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы постер қорғатты.Топтық жұмыс соңында топтар арасында бағалаулар болды.Жеке жұмыстар орындалды.Сабақты қорыту кезінде «Бір ауыз сөз» әдісімен қорытты.Оқушылар өз ойларын еркін,анық жеткізе алды.
Қорыта келе, сабақ кезеңдері сақталды,АКТ-ні тиімді пайдаланды,сабақта ауытқулар болмады,мұғалім тарапынан мадақтау сөздері жиі айтылды,сабақ талапқа сай өткізіліп,мақсатына жетті.
Ұсыныс: Тапсырмаларды түрлендіру

Л.Калилаева –география пәнінің мұғалімі.Санаты-2. Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: « География сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру »
Мұғалім 17.01.2019 жылы 9 «а» сыныбымен «Тамақ және жеңіл өнеркәсібі»тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы құрылған. Ұйымдастыру кезінде оқушыларға жағымды ахуал тұғызудан бастады. Үй жұмысын сұрауда «Бинго»ойыны,тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді,топтық жұмыста әр топқа жеке әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып тапсырмалар берілді.Мысалға: «Галереяға саяхат», «Венн диаграммасы», «Балық қаңқасы», «Төрт сөйлем» әдістері. Әр тапсырманың дескрипторы тақтада көрсетілмеді,дегенмен оқушыларға тапсырманы беру кезінде ескертілді. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізілді. «SWOT» әдісімен сабақ қорытындыланды. «Кезбе тілші» арқылы оқушылардан кері байланыс алынды. Сабақ өз деңгейінде өтті.
Кемшілігі: Уақыт тапшылығы
Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік қорына мән беру

Э.Нуралина –тарих пәнінің мұғалімі.Санаты-2. Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: « Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру »
Мұғалім 18.01.2019 жылы 6«ә» сыныбымен «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы»тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жоспары нақты құрылған.Ұйымдастырылуы,үй тапсырмасын сұрауы тиімді болды.АКТ өте тиімді пайдалана алды. Стоп кадр,топтық жұмыстары табысты болды.. Оқушылардың жауаптары тиянақты болды.Қолданған көрнекіліктері сай,сабақ кезеңдері толығымен сақталды.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
Кемшілігі: Мұғалім тарапынан тілдік қоры аз
Ұсыныс: Жаратылыстану-математика әб айлығында өткізілген сабақтар ішіндегі үздік сабақ қатарына жатқызу

А.Токтогулова –математика пәнінің мұғалімі.Санаты-1. Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: « Деңгейлеп оқыту арқылы ,оқушылардың білімін артыру »
Мұғалім 18.01.2019 жылы 6«а» сыныбымен «Бір айнамалысы бар сызықтық теңдеулер»тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында СТО элементтерін тиімді пайдалануға тырысты.Топтық жұмыста оқушылар жұмыла қызығушылықпен орындай білді.Сабақ барысында топ өзара бағалауды жақсы орындады.Бірақ оқушылар дескриптормен жұмыс істеуді толық меңгермеген,есеп шығару жылдамдықтары баяу болды.Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс болмады. Жоспарланған кері байланыс жүргізілмеді.Уақыт жеткіліксіз болды.
Ұсыныс: Уақытты тиімді пайдаланып,есептер көлемін сабақтың түріне қарай байланысты етіп алу.

Г.Мәмбетқұл –математика пәнінің мұғалімі.Санаты-жоқ. Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Математика сабағында СТО элементтерін пайдалана отырып, математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру»Мұғалім 23.01.2019 жылы 5«ә» сыныбымен «Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру»тақырыбында сабақ өткізді. Мұғалім өз шеберлігін көрсете алды.Түрлі ойын элементтері арқылы оқушыларды қызықтыра білді.Үлгерімі төмен оқушымен тереңірек жұмыс жасай алды. «Көршіңді тексер», «Сәйкестендір», «Венн диаграммасы», «Анкета» әдістерін тиімді пайдаланды.Уақыт жеткілікті болды, сондықтан тапсырмалар түрін көбейту керек еді.ҚБ жүргізіліп отырды.
Ұсыныс: Сабақ жоспарлауда тапсырмалар түрін көбейту

А.Дәурембаева– информатика пәнінің мұғалімі.Санаты-жоқ.
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Информатика пәнін оқытуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,олардыңақпараттық коммуникациялық технологиялардың элементтерін білу дағдыларын қалыптастыру» Мұғалім 23.01.2019 жылы 3«а» сыныбымен «Графикалық редактордағы фигуралар»тақырыбында сабақ өткізді.Фигуралар арқылы топқа бөлді.Бірақ фигураларға сипаттама берген кезде сипаттама оқушының жас ерекшелігіне сай болмады.Үй тапсырмасын «Еркін микрофон» әдісі арқылы сұрады.Жаңа сабаққа құрақ түрлерін көрсетіп жаңа сабақ тақырыбын айқындап алды. «Bilim Land» арқылы жұмыс түрін көрсетіп алды. Дәптермен жұмыс кезінде диктантты қолданып,үш тілде орындатты. «Адасқан әріптер» сөз құрау әр топқа берілді.Дескрипторы ескерілді. Топтар арасында бағалаулар жүргізілді.Практикалық жұмыс болды. Қауіпсіздік ережесін ескермей кетті мұғалім.Оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіліп отырды.Сабақ орташа деңгейде өтті.
Ұсыныс: АКТ –ні пайдалану барысында міндетті түрде қауіпсіздік ережесін ескерту керек;
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында олардың сөйлеу қабілетінің дамыту жұмыстарын жүргізу.































Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің айлығындағы өткізілген іс-шаралар қорытындысының анықтамасы
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін дамыту.

Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша 24.01.2019 жылы 5,6 сынып оқушыларымен А.Токтогулова мен Г.Мәмбетқұл « Қызықты математика»атты сабақтан тыс іс-шара өткізді.
1- ші топ: «Жүйріктер»
2- ші топ: «Болашақ»
Жарыс барысында мақал-мәтелдер жарысы, логикалық есептер, басқатырғыш шилер болды.Сабақ барысында оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Іс-шара жоспары жүйелі құрастырылған.АКТ тиімді пайдаланылды. Қорытындылау кезінде топтар арасындағы ұпайларын айтты,бірақ марапаттаулар болмады.Мұғалімдер іс-шараны жүргізуінде нақтылық болмады. Іс-шара қанағаттанарлықсыз деңгейде өтті.
Ұсыныс: Іс-шараның жүргізілуінде нақтылық болу қажет.

25.01.2019 жылы 5,6 сынып оқушыларымен Д.Айтжанова мен М.Байбекова « Құстар- біздің досымыз»атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Бейнебаян көрсетілімінен басталды.Тақпақтар айтылды.Құстар туралы әндер орындалды. «Аққу»биі орын алды. Құстар үнін табу кезеңі болды.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті деп айтсам артық айтқаным болмас.
Жүйелілік,нақтылық,тиянақтылық,көрнекіліктері өте сай көрініс тапты.
Ұсыныс: Осындай іс-шаралардың өткізілуі басқа пән мұғалімдеріне үлгі болсын

30.01.2019 жылы 3 сынып оқушыларымен М.Ахильбекова мен А.Даурембаева « Жас информатиктер»атты сабақтан тыс іс-шара өткізді.Жоспары нақты жазылған.
Оқушылар бір топта болды. Ойын кезеңдерге бөлінген. 1- «zibgrade», 2- «kahoot», 3- «plickers» кезеңдерінен тұрды. АКТ –ні толық тиімді пайдаланды. Оқушылар өте қызығушылықпен белсене қатысты.Әр оқушының жинаған ұпайлары айтылды, марапаттау қағаздары берілді..Сынып тыс іс-шараның жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы АКТ-ні дұрыс қолдану арқылы жүргізіліп, жоғарғы деңгейде өткізілді.
Ұсыныс: Әр сабақта АКТ-ні жүйелі қолдану.

31.01.2019 жылы 7 сынып оқушыларымен Э.Нуралина мен Л.Калилаева Астананың 20 жылдығына арналған « Астана –асқақ қала»атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Жоспары нақты құрылған. Жоспарына сай іс-шара еш ауытқусыз өткізілді. Қазақ қыздарының биімен басталып, мұғалімнің сөзімен аяқталды.Тақырыпқа байланысты бейнебаяндар көрсетілді. Монолог,ән айту,жылдар сөйлейді,дыбыстар сөйлейді деген кезеңдерден тұрды.Іс-шара жақсы деңгейді өтті.
Ұсыныс: Атаулы мерекелерді жоспар бойынша өзкізу
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі пәндерінің шеберлік сыныптар мен тренингтер шеруі

Шеберлік сынып «Оқушылардың оқу үрдісінде шығармашылығын дамыту» Д.Айтжанова өз шеберлік сыныбын слайд арқылы көрсетті.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарынақойылған.
Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудағы талаптар:
1.Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой – өрісін, қиялын, т.б. дамытатындай, соған байланысты іс – әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыру көзделуі қажет.
2.Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының пәнінен алатын білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.
Интербелсенді оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интербелсенді әдістің мақсаты – тек ақпартты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өздігінен табу дағдысын меңгертуімен байланысты.

Тренинг «Мұғалім-оқушы- ата-ана» А.Токтогулова,Г.Мәмбетқұл өткізді.
Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру.
Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"
Қандай әсер байқалды
Мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Қорытынды сөз: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.





Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі пәндерінің жұмыс дәптерлерінің жүргізілуін бақылау


Г.Мәмбетқұл –математика пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
5 «а,ә», 7 «а». 5 сыныптарда дәптердің сыртқы беті толық толтырылмағаны бар. 2 оқушының дәптері жоқ(себептерге байланысты). 7 сыныптың дәптерлері түгел. Бір оқушы геометрия пәнінен сызбаны қаламсаппен сызған.Бірақ тексеру барысында мұғалім ескертпе жазған оқушыға. Мұғалім тарапынан үнемі тексеріліп отыратыны байқалды. Ал бжб,тжб жұмыстары тексеріліп оқушы портфолиосына салынған.

А.Токтогулова–математика пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
6 «а,ә», 8 «а», 9 «а». 9 сыныпта 5 оқушының дәптері жоқ (себептерге байланысты). Дәптердің сыртқы беті толық толтырылмағаны бар.Бақылау жұмыс дәптерлері жүйелі тексерілген,мұғалім тарапынан ескертпелер мен ынталандыру комментарийлері жазылған. Ал бжб,тжб жұмыстары тексеріліп оқушы портфолиосына салынған.

Д.Айтжанова–химия,биология пәндерінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары: 6 «а,ә», 8 «а,ә»,7 «а,ә», 9 «а».Химия және биология пәндерінің жеке дәптерлері бар. Сарамандық,зертханалық жұмыс дәптерлері дер кезінде тексеріліп комментарийлер жазылған.Ал бжб,тжб жұмыстарын жай дәптерге орындатады екен, дәптерлері мұғалім жеке кабинетінде жинақталып тұрады.

Л.Калилаева– география пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
5 «а,ә», 8 «а,ә»,7 «а,ә», 9 «а». 9сыныпта сарамандық жұмыс дәптерлері жеке орындалады,ал қалған сыныптарда жұмыс дәптерлерге орындалған. Мұғалім тиісті бағаларын қойып,ескертпе мадақтауларын жазған. Кейбір оқушы дәптерлері қапталмаған,оларға ескертулер айтылды.

Э.Нуралина– тарих пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
6 «а,ә», 7 «а,ә», 9 «а». Бұл пән ауызша ,дегенмен сабақ барысында жазба жұмыстары орындалған.Дәптерлері түгел.Барлық бжб,тжб жұмыстары оқушы портфолиосына тексеріліп салынған.

М.Байбекова –жаратылыстану пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
5 «а,ә» . 5 сынып оқушыларының дәптерлері түгел берілді. Орындалған тәжірибелік жұмыстары орынды,тексерілген.

А.Даурембаева – информатика пәнінің мұғалімі. Сабақ беретін сыныптары:
3«а,в», 5 «а,ә», 6 «а,ә», 8 «а,ә»,7 «а,ә», 9 «а». Барлық оқушының жеке жұмыс дәптерлері бар. Дәптерлерінде жеке жұмыстар орындалған.



Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Л. С. 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері.

Автор: admin от 12-06-2019, 07:48, посмотрело: 106

0 1. ДИПЛОМ.Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы"№6 негізгі мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстазы Бердишева Лазат Советовна Республикалық қашықтық конкурсқа оқушыларды дайындағаны үшін марапатталады.№00052
2. ДИПЛОМ.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған"Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен болашағы"атты конференцияда баспа бетінде"Үздік сабақ"көрсеткені үшін марапатталады.№470
3. ГРАМОТА.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған жаңа білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін марапатталады.№450
4. ГРАМОТА.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған жаңа білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін марапатталады.№1024
5. ДИПЛОМ.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған"Бүгінгі таңдағы жаңа білім берудің мәселелері мен болашағы"атты конференцияда баспа бетінде"Үздік сабақ"көрсеткені үшін марапатталады.№749
6. СЕРТИФИКАТ.Бердишова Лазат Советовна оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістерін мерзімді баспасөз бетіне жариялау арқылы көрсетіп,мүше болғаны үшін сертификат берілді.№445
7. СЕРТИФИКАТ.Бердишова Лазат Советовна оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістерін мерзімді баспасөз бетіне жариялау арқылы көрсетіп,мүше болғаны үшін сертификат берілді.№1185
8. АЛҒЫС ХАТ.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымында "Үздік сабақ"көрсетіп білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.№540
9. АЛҒЫС ХАТ.Бердишова Лазат Советовна Мерзімді баспасөз басылымында "Үздік сабақ"көрсетіп білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.№1195
10. ДИПЛОМ.Бердишова Лазат Советовна. "ПОНИ" Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындаған үшін марапатталады.
11. ДИПЛОМ. Бердишова Лазат Советовна. За подготовку победителей и призеров Международного конкурса "ПОНИ".

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

2018-2019 оқу жылы Айтжанова Д.Т. Биология химия пәні мұғалімі

Автор: admin от 11-06-2019, 23:03, посмотрело: 120

0 1. Алғыс хат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
2. Сертификат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
3. Грамота Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
4. Диплом Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
5. Басылым "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №04 (89), сәуір 2009 жыл. 20-23-бет. Ш.Құдайбердіұлының "Қалқаман -Мамыр" дастаны.
6. Алғыс хат Республикалық "Online Google Groups'' жобасы
7. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік портфолио"
8. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік сабақ"
9. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік презентация"
10. Алғыс хат Республика "Online Google Groups'' жобасы
11. Сертификат Республикалық Өрлеу www.orley.kz порталы
12. Сертификат Республикалық Өрлеу www.bilimnur.kz порталы
13. Сертификат Республикалық www.metodist.kz порталы
14.Сертификат Республикалық www.bilim-gylym.kz порталы



Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Омарова М.Н. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 2018-2019 оқу жылы

Автор: admin от 11-06-2019, 22:53, посмотрело: 89

0 1. Алғыс хат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
2. Сертификат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
3. Грамота Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
4. Диплом Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
5. Басылым "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №04 (89), сәуір 2009 жыл. 20-23-бет. Ш.Құдайбердіұлының "Қалқаман -Мамыр" дастаны.
6. Алғыс хат Республикалық "Online Google Groups'' жобасы
7. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік портфолио"
8. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік сабақ"
9. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік презентация"
10. Алғыс хат Республика "Online Google Groups'' жобасы
11. Сертификат Республикалық Өрлеу www.orley.kz порталы
12. Сертификат Республикалық Өрлеу www.bilimnur.kz порталы
13. Сертификат Республикалық www.metodist.kz порталы
14.Сертификат Республикалық www.bilim-gylym.kz порталы

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Омарова М.Н. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 2018-2019 оқу жылы

Автор: admin от 11-06-2019, 22:53, посмотрело: 92

0 1. Алғыс хат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
2. Сертификат Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
3. Грамота Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
4. Диплом Республикалық "Білім әлемі" басылымы "Үздік сабақ"
5. Басылым "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №04 (89), сәуір 2009 жыл. 20-23-бет. Ш.Құдайбердіұлының "Қалқаман -Мамыр" дастаны.
6. Алғыс хат Республикалық "Online Google Groups'' жобасы
7. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік портфолио"
8. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік сабақ"
9. Диплом І дәрежелі Халықаралық ''BILIMNUR'' басылымы "Үздік презентация"
10. Алғыс хат Республика "Online Google Groups'' жобасы
11. Сертификат Республикалық Өрлеу www.orley.kz порталы
12. Сертификат Республикалық Өрлеу www.bilimnur.kz порталы
13. Сертификат Республикалық www.metodist.kz порталы
14.Сертификат Республикалық www.bilim-gylym.kz порталы

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

2018-2019 оқу жылындағы математика пәнінен жетістіктер

Автор: admin от 11-06-2019, 02:06, посмотрело: 160

4 Математика пәні мұғалімі Токтогулова А.С.
1. Мадақтама.
«Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» - аудандық семинар-практикум.
2. Алғыс хат.
«Жаңартылған білім беру мазмунында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушы бойына адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары» - аудандық семинар-практикум.
3.Благодарнось.
За организацию и проведение математической олимпиады «Осенний олимп» и за личный вклад в распространение новых форм интеллектуальных соревнований в Республике Казахстан.
4. Алғыс хат.
Ұлттық BILGEN олимпиадасы.
5. Диплом – І дәрежелі, сертификат
«BILIMNUR» басылымы , коучинг тақырыбы: Математика пәніндегі оқушының оқу жетістіктерінің критериалдық бағалауы. «Үздік презентация» номинациясы.
6. Диплом - І дәрежелі
«BILIMNUR» басылымы , сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары. «Үздік сабақ» номинациясы.
7. Алғыс хат
«Білім жолы нұрлы жол» ғылыми , практикалық республикалық семинар. Республикалық «Online Google Groups» жобасы.
8. Алғыс хат, сертификат
45minut .KZ Республикалық басылым, «Online Google Groups» жобасы.
9. Сертификат
«Өрлеу» білім-ғылым порталы, коучинг «Математика пәніндегі оқушының оқу жетістіктерінің критериалдық бағалауы».
10. Сертификат
Республикалық www.metodist.kz порталы. Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

2018-2019 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жетістіктер

Автор: admin от 11-06-2019, 02:05, посмотрело: 110

0 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әшімхан Д.Б.
2019 жылы Республикалық қашықтық конкурсқа оқушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
2019 жылы Алматы қаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы "Білім әлемінің" дипломымен марапатталды.
2019 жылы Алматы қаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы "Білім әлеміне" "Үздік сабақ" жариялағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі

Автор: admin от 11-06-2019, 00:45, посмотрело: 1107

3 Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар есебі
2018-2019 оқу жылындағы: Өзін-өзі тану, дене шынықтыру, сызу, көркем еңбек,технология, музыка пәндер бірлестінің тақырыбы:
Сапалы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас ұрпақтың өзін-өзі дамыта алатын рухани құндылықтарын жетілдіру.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, салауатты, өнерлі, шебер азаматтарды дайындау үшін, білім берудің тиімді, әрі қолайлы озық үлгілерін заманауи түрде үйретіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Міндеттері:
1. Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін, танымдық белсенділігін ашу мақсатында тәжірибе алмасу үшін өзара сабаққа қатысу;
2. Жаңа әдіс тәсілдерді, жаңа педагогикалық технологияларды үйрену;
3. ПБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өтуі;
4. Жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету;
5. Оқушыларды өз бетімен шығармашылық-ғылыми жұмысқа баулу мақсатында ғылыми конференцияларға, облыс, республика көлеміндегі жарыстарға, байқауларға қатысу;
6. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты, жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру;
7. Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, жаңа технологияны іс-тәжірибеге енгізу;
8. Үйірме жұмыстарын жандандыру;
9. Мұғалімдердің әдістемелік құралдар,авторлық бағдарламалар дайындауы және басып шығаруы;
10. Кабинеттерді мазмұнды методикалық кешенмен жабдықтау.
Күтілетін нәтиже
-Егеменді еліміздің болашағына салауатты, өнерлі, шебер азаматтарды дайындау үшін білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты түрлендіріп отырады;
-Бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптасады;
-Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған Отансүйгіш азамат тәрбиеленеді;
-Жаңа технологияларды жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты(креативті) мұғалімдер саны арта түседі.

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жағдайларды талдау.
Эстетикалық пәндер бірлестігі 9 мұғалімнен құрылған және жыл бойы өз білімін көтеру тақырыбы бойынша жұмыс нәтижесін көрсетті. Біліктілік санаты:

Жоғарғы санатты мұғалім-2;
Бірінші санатты мұғалім-3;
Екінші санатты мұғалім-2;
Санаты жоқ мұғалім-2

2018-2019 оқу жылында пән бірлестігінің 5 отырысы өтті.Отырыстарда мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде, мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жаңа оқу жылына пәндер бойынша жоспары талданып бекітілді. Тәлімгерлер жас мамандарға күнтізбелік жоспар құру жөнінде көмектер көрсетілді.
ӘБ отырысындағы оқылған баяндамалар: «Жалпы адамзаттық құндылықтар аясында», «Жаңа идея жас маманда», «Қазіргі оқыту әдісі».
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың бірі пән айлығы. Пән айлығының мақсаттары мен міндеттері қойылып, айлық жоспарының өтілу уақыты жоспарланды. Пән мұғалімдері өз білімін жетілдіру тақырыптарымен жұмыс жасады.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру,
іздену тақырыптары
Р.н. Аты-жөні


1. Керимбаев Ардагер Амангельдинович Сабақта оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып сабақ сапасын арттыру.

2. Молдахулова Нурлыхан Есболатовна Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және шеберлігін дамыту.

3. Асетаев Габит Бейсенбекович Нано технологиялар үрдісі

4. Есенкулов Малик Ендирбаевич Спорттық ойындар арқылы оқушылардың қабілеттін дамыту

5. Сұлтанқұл Мөлдір Шаяхметқызы Музыка сабақтарында жаңа технологиялармен ұлттық педагогикамен үйлесімді ұштастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

6. Сатов Ербол Талгатович Қозғалмалы ойындар ойнау арқылы оқушылардың денсаулығын шыңдау

7. Лепесов Аманжол Абужанович Спорттық ойындар арқылы оқушылардың дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру

8. Асқарова Айгүл Бейсеналиевна Әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып оқушылардың білім деңгейін көтеру

9. Малибекова Алима Жомартовна Баланың оқуға қызығушылығын,қабілетін, бейімділігін және шығармашылығын дамыту


Бірлестік мұғалімдері басқа пән мұғалімдерінің, тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына, семинарға қатысып, жаңа сабақ үлгілерін, әртүрлі жұмыс формаларын үйреніп, әріптестерінен тәжірибе алмасты. Жыл бойы пән бойынша сыныптан тыс мектепішілік, аудандық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты. Өзіндік іс тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға оқуды меңгертуде жаңа технологияларды қолдану дұрыс бағытталды және жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс формаларын қазіргі талаптарға сай, пәнді оқытудың арнайы әдістемелері бойынша топпен жұмыстар және жеке жұмыс түрлері орындалып, сабақтар өткізілді. Пәнаралық байланыс ұйымдастыруда қосымша мәліметтерді пайдаланды. Жалпы, эстетикалық пәндер білім беретін мектепте маңызды рөл атқарады, адамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға, дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдері бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктеріне талаптар қойып, үлгерімдерін бағалады.

Сонымен қатар жас мамандармен жұмыс жүргізілді. Жас мамандар – Сұлтанқұл Мөлдір, Ишеналы Арабаева атындағы КМУ. 2018 жылы аяқтап келген жас маман. Мөлдірге дене шынықтыру пәні мұғалімі Есенкулов Малик тәлімгер болып тағайындалған. Көркем еңбек пәнінен жас маман Малибекова Алимаға Бейсеналиева Айгүл тәлімгер болып, қолдау көрсетіп, бағыт берді. Басқа да пән бірлестігі мұғалімдері осы жас мамандарға сабақ жоспарын жазуға, сынып журналдарын толтыруға, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін, тоқсандық баға қою және шығару нормативін сақтауға, өзара сабаққа қатысу бойынша, өз білімін көтеру тақырыбын таңдауға методикалық бағыт беріп, көмектесті.
Жұмыс жоспары бойынша жас мамандар сабақтарына қатысу арқылы, сабақтың сапалы өтілуі және әдістің тиімділігі, оқу бағдарламасының жүзеге асырылуы мектеп әкімшілігімен бақыланды. ӘБ жетекшісімен, басқа да мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасты.


Эстетикалық пәндер бірлестігінің айлық жоспары

Айлықтың өткізілу мерзімі: 5.11-30.11.2018 ж.

Тақырыбы: Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
 Денешынықтыру, көркем еңбек, сызу,музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін меңгеру, жүйелеу және іріктеу тәжірибесінің ұсынымын жасау.
 Денешынықтыру, көркем еңбек,сызу ,музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолданудың ұсынымын жасау.
 Денешынықтыру, көркем еңбек, сызу, музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдану бойынша коучингтер, тренингтер өткізу.
 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған ашық сабақтар шеруін, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу.
 Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін айқындау.
 Үлгермеуші балалармен жұмыс жүргізу деңгейін анықтау.

Күтілетін нәтиже:
Денешынықтыру, көркем еңбек, сызу ,музыка, өзін-өзі тану пәндері бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын жоба ұсыну.


№ Сабақтың тақырыбы Сыныбы Мерзімі мен уақыты Өтілу орны Жауапты мұғалім
1 Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы 9 «А» 23.11.2018
7 сабақ №8 мектеп шеберханасы Әсетаев Ғ.Б.
2 Бастаулардың бастауы 3 «А» 19.11.2018
7 сабақ №42 кабинет Молдахулова Н.Е
3 Гимнастика.Акробатикалық элементтер кешені 7 «Ә» 15.11.2018
5 сабақ Спорт зал Есенкулов М.Е
4 Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік 3 «Б» 21.11.2018
4 сабақ Спорт зал Сатов Е.Т
5 Гимнастика. Жауырынмен тұру 4 «А» 21.11.2018
5 сабақ Спорт зал Лепесов А.А
Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің сыныптан тыс шаралар кестесі
Сабақтың тақырыбы Сыныбы Мерзімі мен уақыты Өтілу орны Жауапты
мұғалім
1 Қыздың шебер боларын, бармағынан танырсың (Шебер сынып,сайыс сабақ.) 5-9 сынып қыздары 28.11.2018
15.00 №5 технология кабинеті Асқарова А.Б.
Малибекова А.Ж.
2 Қолөнер бұйымдарының көрмесі 9 «А» 28.11.2018
14.00 №8 мектеп шеберханасы Әсетаев Ғ.Б.
3 Жақсылық жан-шуағы.(Әңгіме дебат) 4 «Ә» 28.11.2018
14:00 №40 кабинет Молдахулова Н.Е
4 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай және Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №6 негізгі мектебінің қызметкерлері арасында «Толағай» спорттық жарыс. Әкімшілік
Бастауыш Ә.Б
Жаратылыстану Ә.Б
Лингвистикалық Ә.Б
Тех.қызметкерлері 8.12.2018
10:00 Спорт зал Есенкулов М.Е
Сатов Е.Т
Лепесов А.А

Әдістемелік бірлестік мүшелері: Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбын алып, мынадай мақсат қойдық: Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Дене шынықтыру, көркем еңбек, сызу,музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін меңгеру, жүйелеу және іріктеу тәжірибесінің ұсынымын жасау.
Дене шынықтыру, көркем еңбек,сызу ,музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолданудың ұсынымын жасау.
Дене шынықтыру, көркем еңбек, сызу, музыка, өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдану бойынша коучингтер, тренингтер өткізу.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған ашық сабақтар шеруін, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу.
Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін айқындау.
Үлгермеуші балалармен жұмыс жүргізу деңгейін анықтау.

Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің 2018-2019 оқу жылына арналған айлық жоспары бойынша ашық сабақтар өткізілді.
Бірлестіктегі пән мұғалімдер ашық сабақтарын уақытымен өткізді. Жалпы 9 ашық сабақ және тыс сабақ өтілді.
Эстетикалық пәндері әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:
Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ә.Б. мүшелері алдарына мынадай мақсат қойды: Эстетикалық пәндері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
1.Сабақтарда жаңа технология әдістерін қолдану
2.Өз-ара тәжірибе алмасу
Эстетикалық пәндер ӘБ-нің 05.11- 30.11.2018 оқу жылы аралығында әдістемелік бірлестігінің айлық жоспары болып өтті.
Бірлестіктегі 9-мұғалімнің 5-сі ашық сабақтарын уақытымен өткізді.
Ашық сабақ берген мұғалімдер:
19.11.18 күні Молдакулова Нұрлыхан Есболатовна 3 «а» сыныбында өзін-өзі тану пәнінен «Бастаулардың бастауы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабақ кезеңдері сақталды.Ұйымдастыру кезеңі әнмен басталды. Сабақта топтық жұмыс жүргізілді. Мұғалім әр балаға көңіл қойып, сыныпты толығымен қамтыды.Сабақта АКТ-ның мүмкіншіліктері толығымен пайдаланып, оқушыларды сергіту мақсатында музыкалық сергіту сәтін қолданып, слайд көрсетілді. Сабақ мақсатына жетті. Сабақ «жақсы» деп бағаланды,өз уақытында талданып,ұсыныстар айтылды: дарынды және үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беру керек.
Ерекшелігі: оқушылардың көңіл күйі жоғары болды.
Ұсыныс: дарынды және үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беру.
23.11.18 күні Әсетаев Ғабит Бейсенбекович 9 «а» сыныбында технология пәнінен «Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабақ түрі жаңа сабақты меңгерту.Сабақ дәстүрлі түрде өтті.Сабақтың ұйымдастыру кезеңі оқушылар формасы, қауіпсіздік ережесі талапқа сай болды.Пән аралық байланыс болды.Оқушылар бүгінгі жаңа технология талабына сай зертханалық жұмыстарды игерді.Металды қолмен өңдеу әдісін және механикалық өңдеу әдісін көрсете білді.
Ұсыныс: Технология пәні сабағына бүгінгі заман талабына сай құрал-жабдықтар, автоматтандырылған білдектер (оқушы талабына сай) құрал-саймандардың толық болғаны білім талабына сай орынды болар еді.
Ерекшелігі: оқушылардың сабаққа ынтасы, тәртібі, сабаққа бірыңғай форма кигені.
21.11.18 күні Сатов Ербол Талғатович 3 «б» сыныбында денешынықтыру пәнінен «Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабақ түрі жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың ұйымдастыру кезеңі оқушылар формасы ,қауіпсіздік ережесі талапқа сай болды. Пән аралық байланыс болды.Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабаққа оқушылар түгел қамтылды.Сабақ акробатикалық, гимнастикалық жаттығулар түрінде болғандықтан оқушылардың белсенділігі жоғары болды.Сабақта қауіпсіздік ережесі айтылды.Сабақ мақсатына жетті.
Ұсыныс: Сабақ соңына көбірек көңіл бөлу,қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүйеге асыру.
15.11.18 күні Есенкулов Малик Ендирбаевич 7 «ә» сыныбында денешынықтыру пәнінен «Акробатикалық элементтер кешені» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабақ түрі жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың ұйымдастыру кезеңі оқушылар формасы, қауіпсіздік ережесі талапқа сай болды. Пән аралық байланыс болды.Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабаққа оқушылар түгел қамтылды.Сабақ акробатикалық, гимнастикалық жаттығулар түрінде болғандықтан оқушылардың белсенділігі жоғары болды.Сабақта қауіпсіздік ережесі айтылды.Сабақ мақсатына жетті.
Ұсыныс: Мұғалім қысқа мерзімді жоспарға сабақ соңында баскетбол ойынын жазбаған,сондықтан жоспарланған ойынды енгізіп жазып жүру.
21.11.18 күні Лепесов Аманжол Абужанович 4 «а» сыныбында денешынықтыру пәнінен «Жауырынмен тұру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабақ түрі жаңа сабақты меңгерту. Сабақ дәстүрлі түрде өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі оқушылар формасы ,қауіпсіздік ережесі талапқа сай болды. Пән аралық байланыс болды.Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес,әдістемелік дұрыс құрылған. Сабаққа оқушылар түгел қамтылды.Сабақ акробатикалық, гимнастикалық жаттығулар түрінде болғандықтан оқушылардың белсенділігі жоғары болды.Сабақта қауіпсіздік ережесі айтылды.Сабақ мақсатына жетті.
Ұсыныс: Үлгерімі төмен оқушыларға көбірек көңіл бөлу.
21.11.18 күні Молдакулова Нұрлыхан Есболатовна 4 «ә» сыныбында өзін-өзі тану пәнінен «Жақсылық жан-шуағы» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті. Сабақта оқушылар екі топқа бөлінді.Сабақта топтық жұмыс жүргізілді. Мұғалім әр балаға көңіл қойып, сыныпты толығымен қамтыды.Сабақта АКТ-ның мүмкіншіліктері толығымен пайдаланып, оқушыларды сергіту мақсатында музыкалық сергіту сәтін қолданып, бейне ролик көрсетілді. Сабақ мақсатына жетті.
Ұсыныс: Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беру керек.
Ерекшелігі: оқушылардың көңіл күйі жоғары болды.
26.11.18 күні Әсетаев Ғабит Бейсенбекович 9 «а» сыныбында технология пәнінен «Қолөнер бұйымдарының көрмесі» сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара мақсатына жетті,іс-шараға қатысқан оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын қысқаша құрылымын,жұмыс істеу үрдісін таныстырып өтті.Оқушылар бұйымды эскиз,нобайлық сызбалардың көмегімен орындауға тырысты.
Ұсыныс: Осындай іс-шараны мектеп аясында көрме, жәрмеңке ұйымдастырып өткізу, оған оқушылардың өз қолдарымен жасалған бұйымдарын қою, іс-шараны 5-9сыныптар аралығында өткізу.
28.11.18 күні Асқарова Айгүл Бейсеналиевна мен Малибекова Алима Жомартовна 6,7,8,9 сыныптарында көркем еңбек пәнінен «Қыздың шебер боларын,бармағынан танырсың»тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара сайыс сабақ түрінде өтті, мақсатына жетті. Іс-шара 8 кезеңне тұрды.Қатысушы қыздар екі топқа бөлінді. Әр кезеңде ұпай санымен бағалап отырды.Оқушылардың білімі бар, белсенділіктері жақсы болды. Сыныптан тыс іс-шара болғандықтан оқушыларды көбірек қатыстыру және тапсырмаларды түрлендіру қажет.
Ұсыныс: оқушыларды толық қамту
8.12.2018 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері Есенкулов М.Е,Сатов Е.Т, Лепесов А.А сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай және Елбасымыздың Рухани Жанғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №6 Негізгі мектеп қызметкерлері арасындағы «Толағай» спорттық жарыс.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжым арасында спорт мәдениетін кең тарату. Ұстаздарды және мектеп қызметкерлерін сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жарысқа мектептен 6 топ қатысты:
1 - топ: Әкімшілік
2 - топ: Жаратылыстану әдісдемелік бірлестігі
3 - топ: Лингвистикалық әдістемелік бірлестік
4 - топ: Бастауыш әдістемелік бірлестігі
5 - топ: Зертханашылар
6 - топ: Тех.қызметкерлері
Жарыс 7-кезеңнен тұрды, ұпай санын есептеу арқылы жеңімпаздарды анықтады.Жарыс қорытындысы бойынща:
1-орын Әкімшілік,2-орын жаратылыстану ӘБ,3-орын Лингвистикалық ӘБ иеленді.Жарыс жеңімпаздары кубок,медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің айлық жоспары қанағаттанарлық деп бағаланды. Алдағы уақытта эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдеріне ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Пән бірлестігі мұғалімдерінің атқарған іс-шаралары:
Пән бірлестігі мұғалімдері бір жылға бекітілген жұмыс жоспары бойынша мектептегі, аудандағы оқушылар және мұғалімдер арасында өтетін барлық іс-шараларға өз үлестерін қосты.
Оқу жылы бойы дене тәрбиесі пәні мұғалімдері: Есенкулов М.Е, Сатов Е.Т, Лепесов А.А өздеріне жүктелген жұмыстарды атқарды.
2018-2019 оқу жылындағы мектеп оқушылары арасындағы спартакиадасының ережесіне сай, спорт түрлері бойынша мектеп құрама командалары жарыстарға қатысты.
Мұғалімдер оқушыларды жас ерекшелігіне сай, белгілі бір спорт түріне икемділік ерекшеліктеріне қарай топтастырып жарыстарға шығарды және де жүлделі орындарға ие болды.
2018-2019 оқу жылындағы спорт жетістіктеріне тоқталатын болсақ
1.2018-2019 оқу жылында Қордай ауданының мектептерінің қыздары арасында футболдан аймақтық жарыста – 1 орын; финалда – 2 орын.
2.«Мектеп лигасы» аудандық турнирінен футболдан ұлдар тобы: аймақтық жарыста – 1 орын; финалда – 3 орын.
3.2018-2019 оқу жылында Қордай ауданының мектептерінің арасында Президенттік көпсайыста 4-сынып оқушылары арасында – 4 орын;
4. 2018-2019 оқу жылында Қордай ауданының мектептерінің арасында Президенттік көпсайыста 7-сынып оқушылары арасында – 5 орын;
5. 2018-2019 оқу жылында Қордай ауданының мектептерінің арасындағы спартакиадада тоғызқұмалақтан – 1 орын.
Есенкулов М.Е 2018-2019 оқу жылының Қордай ауданының ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі.
Есенкулов М.Е 2018-2019 оқу жылының Жамбыл облысы Тараз қаласының үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі байқауына қатысып алғыс хатпен марапатталды.
22 наурыз мерекесіне арналған кіші футболдан Қордай ауданы мектептерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арасындағы дәстүрлі аудандық турниріне қатысып II-орын. Есенкулов М.Е және Лепесов А.А
Жамбыл облысының 80 жылдығына және 2019 жыл жастар жылына арналған «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары » атты білім мекемелері арасындағы VIII Қордай аудандық спартакиадасында ерлер арасында «Тоғызқұмалақ» ойынынан Лепесов А.А. марапатталады.
Жамбыл облысының 80 жылдығына және 2019 жыл жастар жылына арналған «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары » атты білім мекемелері арасындағы VIII Қордай аудандық спартакиадасында ерлер арасында «Гір тасын көтеруден» Есенкулов М.Е. марапатталады.
Бастауыш сынып мұғалімі Кашкимбаева И.А және Диналиева А.И. ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында «Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті» ұранымен «Әкем, анам және мен» атты отбасылық сайысы өткізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау, әскери патриоттық сезімін қалыптастыру, спортты жанына серік ету және ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында 7-9 сыныптар арасында спорттық жарыс өтті. Жауаптылар: Есенкулов М.Е,Сатов Е.Т,Лепесов А.А
Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай дамыған елдер қатарына талпыну кезеңі барысында оқушылардың танымын ұлғайтып, жан-жақты іскер азамат етіп шығаруда технология және көркем еңбек пәнінің орны ерекше деуге болады.
Қазан айында көркем еңбек пәні мұғалімі Асетаев Ғабит 6 сыныптар арасында «Алтын күз» атты сурет көрмесін ұйымдастырды.
Қараша айында технология мұғалімдері Асетаев Ғ.Б және Асқарова А.Б АБ айлығына арнап, «Қолөнер туындылары» атты көрме ұйымдастырды.
Желтоқсан айында технология мұғалімдері Тәуелсіздік күніне орай қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Асетаев Ғ.Б жетекшілігімен 7 сыныптар арасында «Жаңа жыл шамдары» атты суреттер және қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қаңтар айында 5-6 сыныптар арасында «Қыс қызықтары» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
22 наурызға орай технология мұғалімдері: Асқарова А.Б және Асетаев Ғ.Б ұйымдастыруымен мектепішілік «Ұлт мұрасы» атты қолөнер көрмесін ұйымдастырылды.
Мамыр айында 7-9 сыныптар арасында технология пәнінен шығармашылық топтар өз жұмыстарын қорғады.
Ақпан айында өзін-өзі тану пәнінің негізін салушу Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті:
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы салтанатты саптық жиында өткізілді.
Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіндіре отырып,мейірімділік пен өзара адами қасиеттерді, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамытатын шараның басты мақсаты оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
«Балаға жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары өткізілді әр сыныпта.
«Алтын жүрек анамыз», «Сердце наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылды.
«Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар көрмелері ұйымдастырылды.
2019 жылғы 12 ақпанда «Мейірімділік асыл-қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ- тұнығынан», «Доброта-солнце,согревающее сердце человека», «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыптарында Өзін-өзі тану пәні бойынша бірінші сабақтар 1-9 сынып аралығында өткізілді.
«Қайырымдылық-жер бетінде» атты флеш-моб өткізілді.
Көп балалы отбасындағы балаларға сыйлықтар сыйланды «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары өткізілді.
2018 – 2019 оқу жылындағы өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Молдахулова Н.Е. мен оқушылардың жетістіктері
«Жаңа ұрпақ» Республикалық әдістемелік ғылыми – педогогикалық журналында «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбында үздік сабақ жарияланды.
«Ізденіс » ғылыми әдістемелік журналының 2019 жыл.№1 санында «Ақыл – парасат, ерік – жігер және жүрек » тақырыбында үздік сабақ жарияланды.
« Қазақстан ұстазы» ғылыми-әдістемелік журналында «Кешірім мен келісім» атты үздік сабақ жарияланды.
«Бүгінгі таңдағы білім берудің мәселелері мен болашағы» конференцясында «Үздік сабақ» көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістерін мерзімді баспасөз бетіне жариялап, мүше болғаны үшін сертификат берілді.
Алматы 2019 «Білім әлемі» Жаңа білім беру жүйесіндегі іс - шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін грамотамен марапатталды.
«Алғыс хат» «Үздік сабақ» көрсетіп білім беру жүйесінде іс - шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін марапатталды.
«Білім әлемі» Алматы жыл 2019 жыл
«Қысқы қиял» атты Республикалық байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар:
I дәрежелі дипломмен
Жаңқабыл Гүлдәурен 2 «а» сыныбы
Дүйсехан Альбина 3 «б» сыныбы
Десден Дана 3 «ә» сыныбы
II дәрежелі дипломмен
Дөкен Зарина 3 «б» сыныбы
Нұрбай Ардана 2 «ә» сыныбы оқушылары марапатталды
2018 – 2019 оқу жылындағы көркем еңбек және музыка пәнінің мұғалімдері
Малибекова А.Ж,Сұлтанқұл М.Ш мен оқушыларының жетістіктері


Аты-жөні
Сыныбы
Жеткен жетістіктері
1 Есенкулов Арман
Жолыш Нұрдаулет
Жалгавова Аийда
Өкен Айбар
Нұрбай Дарина
Ералы Альбина

9 «а»
7 «ә», 8«а» Аудандық «Астанаға-20 жыл»атты КТК көңілді және тапқырлар клубы жарысына қатысып,ІІI орынды иеленді.
2. Омар Тоғжан 8 «а» Аудандық «Күз аруы» сайысына қатысып, «Қылықты ару» наминациясымен марапатталды.
3. Құрбанбай Бейбарыс
Тұрғынбай Алихан
Қадырбекұл Нұрәлі
Жанабаев Бекжан
Жолыш Қанат 6 «а»
7 «ә»
6 «ә» «Көңілді старт» аймақтық іріктеу кезеңіне қатысын, I орынға ие болдық
4 Ермекбай Ақбота 6 «ә» Аудандық «Таң жұлдызы» байқауына қатысып жүлделі III орнға ие болды.
5 Шаяхмет Мөлдір
Владимир Амина
8 «а» Аудандық «Екі жұлдыз» байқауына қатысып «БАС ЖҮЛДЕ»ге ие болды.
6 Серікбай Санжар 5 «а» Аудандық «Отбасылық толағай» байқауына ата-анасымен бірге қатысып
«БАС ЖҮЛДЕ» иеленді.
7 Есенкулов Арман
Жолыш Нұрдаулет
Жалгавова Аийда
Өкен Айбар
Нұрбай Дарина
9 «а»
7 «ә», 8«а» Аудандық «Махабатсыз кім сүрмек» 15 сәуір ғашықтар күніне ұйымастырылған
Байқауна қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
8 Жанқабыл Гүлдәурен 2 «а» Аудандық «Ең жас оқырман-2019» байқауында «Мәнерлеп оқу»-дан I орынға және «Жылдам оқу»-дан «БАС ЖҮЛДЕ» иеленді.



2018-2019 оқу жылындағы үлгерім сапасы
Д/ш Өзін-өзі Технология Сызу Көркем еңбек Музыка
Оқу үлгерімі 100% 100% 100% 100% 100% 100%
Білім сапасы 100% 100% 100% 33% 100% 100%


Жалпы, мектепшілік және аудандық барлық іс-шараларында Эстетикалық пәндер бірлестігі мұғалімдері жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Жеткіншектерді тәрбиелеуде, білім беруде, қоғамдық жұмыстарға баулуда өз үлестерін барынша қосты. Олардың 2018-2019 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарын «қанағаттанарлық» деп таныса болады.

Келесі 2019-2020 оқу жылына міндеттер:
1. Мұғалімнің үздіксіз өз деңгейін көтеріп, кәсіптік шеберлігін арттыру;
2. Жас мамандарға инновациялық ізденіске жұмылуына көмек беру;
3. Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін, танымдық белсенділігін ашу;
4. Жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа педагогикалық технологияны үйрену;
5. Қауіпсіздік еңбек ережесін барлық сабақтарда қатаң сақтау;
6. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыру;
7. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қолөнерімізді жандандыру;
8. Мектептегі әртүрлі әдістемелік жұмыстарға, іс-шараларға қатысу;
9. Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру;
10. Оқушыларды өзін-өзі тануға және үнемі өзін-өзі жетілдіруіне шабыттандыру. Ойы, сөзі және іс әрекеті бірлігінің негізін қалау.

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

3 А сынып оқушыларының жетістіктері

Автор: admin от 10-06-2019, 10:49, посмотрело: 145

1 Бастауыш сынып мұғалімі: Арзиева Куралай Байрамбаевана
2018 – 2019 жылдары 3 «А» сынып оқушыларының алған жетістіктері
2018 жылы 3 «А» сынып оқушысы Қайролла Мадина .Республикалық қашықтық олимпиадаларға қатысып І орын Дипломмен марапатталды
2018 жылы 3 «А» сынып оқушысы Ермекбай Асылым «Осенный Олимп» Московский математикалық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен» марапаталды.
2018 жылы 3 «А» сынып оқушысы Өзбекбай Алия «Осенный Олимп» Московский математикалық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен» марапаталды
2018 жылы.3 «А» сынып оқушысы Қалдыбек Айша халықаралық «ПОНИ» байқауына қатысқаны үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапаталды.
2019 жылы 3 «А» сынып оқушысы .Қайролла Мадина халықаралық «ПОНИ» байқауына қатысқаны үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапаталды.
2019 жылы 3 «А» сынып оқушысы .Қайролла Аян халықаралық «ПОНИ» байқауына қатысқаны үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапаталды
2019 жылы 3 «А» сынып оқушысы Ермекбай Асылым аудандық бастауыш сынып оқушыларының пән олимпиадасына қатысып ІІ орынға иеленіп, мадақтамамен марапатталды

Категория: Оқушылар жетістіктері, Мұғалімдер шығармашылығы

 

Жаратылыстану-математика дістемелік бірлестік жұмыс

Автор: admin от 10-06-2019, 10:15, посмотрело: 131

0 2018-2019 оқу жылындағы №6 негізгі мектебінің
«Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерінің әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі

Жаратылыстану-математика бағытында география, биология, химия,математика,жаратылыстану,тарих,физика пәндері әдістемелік бірлестікте бекітілген. Осы әдістемелік бірлестікте 7 мұғалім жұмыс істейді.
Бірлестікте жас маман Мәмбетқұл Гүлназға тәжірибелі ұстаз тәлімгер болып математика пәні мұғалімі А.Токтогулова тағайындалған. Қазіргі таңда жас маман аттестациядан өту қатарында.

Әдістеме бірлестігінің тақырыбы: Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.
Мақсаты: Жаратылыстану –математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тиімді дамыту жолдарын ұсыну.
Міндеттері: Жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін меңгеру, жүйелеу және таңдау.
Қыркүйек айының басында алғашқы ӘБ отырысында бірлестік мүшелері осы жылға бөлінген сағат сандарымен және бірлестік жоспарымен таныстырылып, жыл бойына өткізілетін жұмыс тақырыптары берілді. Осы отырыста ӘБ жетекшісі Л.Калилаева өз «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде қолдану» тақырыбындағы баяндамасында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін дамыту туралы жетік айтып өтті. Яғни СТО әдістерін оқу ғана емес, тәрбие жұмысында да тиімді пайдалануға болатындығына көз жеткізді. Жалпы ӘБ жұмысы жоспар бойынша дайындық жұмыстар, қосымша сабақтардың өткізілуі, жазба жұмыстардың орындалуы, емтихандарға дайындық жұмыстары, тоқсандық сараптамалар өз уақтысымен және қанағаттанарлық деңгейде жүргізіліп отырды. Жоспарға сай, пән апталығы қаңтар айында өткізілді. Барлық әдістеме мүшелері ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар қанағаттанарлық деңгейде жүзеге асырылды. Жыл бойына пән бойынша мектепішілік және аудандық олимпиадаға дайындық папкалары басталып, жұмыс өз уақытымен жүргізілді. Нәтижесінде биология пәні бойынша Д. Айтжанова мен Л.Калилаеваның оқушылары пән бойынша аудандық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленді. Математика пәнәнәі мұғалімі Г.Мәмбетқұл пән бойынша оқушыларын халықаралық қашықтық олимпиадасына қатыстырып ,оқушылары дәрежелі сертификаттармен марапатталды.«BilgenAlaman»халықаралық олимпиадаға қатысырып,5 сынып оқушысы облыстық байқаудан өтіп,республикалық жарысқа жолдама алды. А.Токтогулова оқушылар арасында Республика, Халықаралық BILGEN ұлттық білім сайыстарын өткізу кезеңдеріне 8 сыныптан екі оқушы қатыстырып, оның біреуі мектепішілік іріктеу турынан, аудандық турдан және облыстық турдан өтіп, сертификат және І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Э.Нуралина республикалық интеллектуалдық олимпиадаға оқушыларды қатысырып,нәтижесінде оқушылары 1 орынды иеленді.
А.Даурембаева:
Өз білімін дамытудағы жеке тақырыбы: «Жаңа оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту».
2018-2019 оқу жылында алғаш ұзақ мерзімді сабақ жоспарын құрдым,әр тоқсанға тарау бойынша орта мерзімді жоспар құрдым.Күнделікті сабағыма қысқа мерзімді сабақ жоспарын жаздым. Сабақ аяқталғанда әрбір сабағыма саралау жаздым.
Әдістемелік айлықта: 23.01.19 күні 3 «а» сыныбында «Графикалық редактордағы фигуралар» тақырыбында өткізілген ашық сабақ өткіздім.
3 «а» сыныбының білім деңгейі жақсы, оқушылар танымдылық деңгейі жоғары. Ашық сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде сыныпта психологиялық ахуал қалыптасты үшін «фигураларды таңдаған балалардың мінез-құлықтарын сипаттап, оқушыларға мотивация тудыру» өткізілді. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «Еркін микрофон» әдісі қолданылды.Осы айлықта 3 «а,ә,б»сыныптарында «Жас информатиктер – 2019» тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара өткіздім. Бұл сабақта оқушылар бірнеше АКТ құралдарын қолданып үйренді. Сыныптан тыс іс-шара мақсатына жетті. Мұғалім «Ең үздік сабақ», «Ең үздік презентация» барлығы 11 алғыс хат, дипломдармен марапатталды.

Г.Мәмбетқұл:
Жеке әдістемелік тақырыбы:«Математика сабағында логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Мақсаты: өздігінен әрекет етуге ұмтылатын жеке тұлға даярлау.
Іс-тәжірибесінде жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық сынды 7 модуль элементтерін сабақ беру үрдісінде қолданды.Күнделікті сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру мақсатында «Миға шабуыл», «Ширату», «Серпілген доп», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Ойлан – жұптас – бөліс», «Ой жалғау», «Кезбе тілші», «ПОПС формуласы», «Төрт сөйлем», «Болжау», «Бір сурет бес сөйлем», «Түртіп алу», «Балық қаңқасы», «Ішіне-сыртына» әдісдерін қолданды. Оқушыларды өзін-өзі бағалау парақшасы арқылы әділдікке, шынайылыққа дағдыландырамын. Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, саралау тапсырмаларын дайындап жүрді.
Мұғалім жетістігі:
2018-2019 Республика көлемінде өткізілген «Білім жолы нұрлы жол» атты жобаға қатысқаным үшін алғыс хат алдым.
2018-2019 Республика көлемінде өткізілген «Білім жолы нұрлы жол» атты жобаға қатысқаным үшін Online Google Groups басшысының алғыс хатын алдым.
2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Білім нұр» басылымы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың І дәрежелі дипломының иегері болдым.
2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Білім нұр» басылымы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың «Үздік сабақ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломының иегері болдым.
2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Білім нұр» басылымы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың «Үздік презентация» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломының иегері болдым.
2018 жылы «Осенний Олимп»халықаралық олимпиадаға оқушыларды қатыстырып,белсенділік танытқаным үшін алғыс хат алдым.

Д.Айтжанова:
Өз білімін дамытудағы жеке тақырыбы: «Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы пәнге қызықтыру».

Әдістемелік айлықта: 15.01.19 күні 8 «ә» сыныбында «Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы» тақырыбында өткізілген ашық сабақ өткізді.8 «ә» сыныбының білім деңгейі жақсы, оқушылар танымдылық деңгейі жоғары. Ашық сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде сыныпта психологиялық ахуал қалыптасты үшін «Өзіңе тілегенді, өзгеге тіле» тренингі өткізілді. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «Миға шабуыл» әдісі қолданылды.Бұл әдісті қолданғанда үлгерімі төмен оқушыларға да қабілетті оқушыларға да тиімді болды.Жаңа сабақтың алдында «Тері» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.Оқушылар жаңа тақырыптың не жайында болатынын болжап, мақсаты айтылды.«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданып, оқушылар жұптық, топтық жұмыс жасады. Осы айлықта 6 «а,ә»сыныптарында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара өткіздім.Сыныптан тыс іс-шара мақсатына жетті.
А.Токтогулова:
Өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Деңгейлеп оқыту арқылы оқушының өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту».
Оқушылар арасында Республика, Халықаралық BILGEN ұлттық білім сайыстарын өткізу кезеңдеріне 8а сыныбынан екі оқушы қатыстыдым. Оның біреуі мектепішілік іріктеу турынан, аудандық турдан және облыстық турдан өтіп, сертификат және І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар КТЛ (Қазақ-түрік лицей) 6 сыныптардың 7 оқушысы тест тапсырып, екеуі екінші кезеңге жолдама алды. Оның біреуі облыстағы іріктеу кезеңіне қатысты. Қазіргі таңда нәтижесін күтуде. Тура осылай бірқатар орта бұынның оқушылары КЕНГУРУ-математик атты халықаралық байқауына қатысып, нәтижесін күтуде. Өз сабақтарынды жағымды қарым-қатынас орнатудан бастады. Сабақтың түріне, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдіс-тәсілдерін, топқа бөлу жолдарын, сергіту сәттері мен бағалау түрлерін таңдап алды. Мысалы жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында «Неге?», «Егер мен...» тренингтерін қолданам. Өтілген тақырыпты қайталау үшін «Қайталау – оқу айнасы!», «Әліпби желісі», «Бір қадам артқа», «Өрмекші» сияқты әдістерді пайдаланды. Жаңа білім беруде «Джигсо», «Сұрақты ұстап ал», «Конверттегі сұрақ», «Сөйлемді толықтыр» және т.с.с. ал сергіту сәтінде анда-санда жадыны дамытуға арналған ойындар ойнатты. Мысалы: «Маған, саған». Бағалау және кері байланыс орнатуда көбіне «Стикердегі диалог», «Екі жұлдыз, бір тілек », «Еркін микрофон», «Анкета», «Жетістік баспалдағы» әдістерін қолайлы деп санады.
М.Байбекова:
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін дамыту».
ХХІ ғасыр ұрпағын оқытып тәрбиелеп жатқан ұстаздар қауымының жауапкершілігі күн санап арта түсуде. Ізденіс, жаңалық, тынымсыз еңбек-заман талабына айналуда.Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізем? деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкірттерінің шығармашылық жетістіктерін, пәніне деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етеді.
Әдістемелік бірлестік айлығында 14.01.2019 жылы 5 «а» сыныбымен «Табиғаттағы заттар айналымы» тақырыбында өткізді. Сабақ жоспары нақты құрылған.Сабақта «kahoot»ойыны, «Бір ауыз сөз»әдісі, «Плюс-минус-қызықты»кестесін қолданды. «kahoot»ойыны арқылы үй жұмысын сұрау барысында техникалық ахаулықтарға байланысты ауызша жүргізілді.Оқушылар топтық жұмыстар орындады,бірақ ойларын анық жеткізе алмады.Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізді. Тақырыптық термин сөздермен жұмыс жүргізілді және сөздер плакатқа жазылған үш тілде оқытты.

Э.Нуралина:
Өз білімін дамытудағы жеке тақырыбы: «Ойын элементтері арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру».
Әдістемелік айлықта:18.01.19 күні 6 «ә» сыныбында «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы» тақырыбында өткізілген ашық сабақ өткізді.6 «ә» сыныбының білім деңгейі жақсы, оқушылар танымдылық деңгейі жоғары. Ашық сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде сыныпты түрлі-түсті садақ арқылы топқа бөлінді. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде «Жаңғақ» әдісі қолданылды.Бұл әдісті қолданғанда үлгерімі төмен оқушыларға да қабілетті оқушыларға да тиімді болды.Жаңа сабақтың алдында «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы» тақырыбында бейнебаян көрсетілді және «Стоп кадр»әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты талдайды не жайында болатыны айтылды.Оқушылар бірлесіп топтықжұптық, жұмыс жасады.Сабақ жақсы деп бағаланды. Осы айлықта 7 «а,ә»сыныптарында «Астана-асқақ қала»тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара өткіздім.Сыныптан тыс іс-шара мақсатына жетті.
Дарынды оқушылармен жұмыс:2018 оқу жылының қыркүйек айында дарынды оқушыларды анықтап,тізімі құрылған.Қазан айында дарынды балалармен жұмыс жоспары, жалпы жұмыс жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілген. Жыл бойы оқушылар Республикалык қашықтық олимпиадасына, интелектуалдық іс - шараларға қатысты. Олимпиадаға дайындық жұмыстар жүргізілді,қосымша сабақтар өткізілді. Оқушылардың қосымша дәптерлері,папкалары бар,қосымша сабақтарының кестесі жасалып, директорымен белгіленіп ілініп қойған.Өз жұмысымның нәтижесі ретінде оқушыларымның жетістіктерін дәлел ретінде көрсеткім келеді.2018 жылы республикалық интеллектуалдық олимпиадаға қатысып 6-сынып оқушысы Махсетбаева Жадыра,Қадір Айзада, 7-сынып оқушысы Бақытова Аружан,Қуатбек Аяна,Қайролла Динара,Амеркулов Ермахан 1 орынды иеленді. Республикалық қашықтық олимпиадаға Ендірбай Жансая 1дәрежелі орынға иеленді.

Л.Калилаева:
Өз білімін жетілдіру тақырыбы:
«География сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру »
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы сыныпты сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-басты міндеттерімнің бірі болды. 7 модульді қалай дұрыс енгізсем, сонымен қатар сабаққа қойылатын дұрыс мақсат пен одан күтілетін нәтиже де маңызды. Сол себепті деңгейлеп модульдерді жас ерекшеліктеріне сәйкес енгізе бастадым. Өзімнің әрбір сабағымда ең бірінші оқушылардан кері байланыс алудан бастадым.
Әдістемелік айлықта: 17.01.2019 жылы 9 «а» сыныбымен «Тамақ және жеңіл өнеркәсібі»тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы құрылған. Ұйымдастыру кезінде оқушыларға жағымды ахуал тұғызудан бастады. Үй жұмысын сұрауда «Бинго»ойыны,тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді,топтық жұмыста әр топқа жеке әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып тапсырмалар берілді.Мысалға: «Галереяға саяхат», «Венн диаграммасы», «Балық қаңқасы», «Төрт сөйлем» әдістері. Әр тапсырманың дескрипторы тақтада көрсетілмеді,дегенмен оқушыларға тапсырманы беру кезінде ескертілді. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізілді. «SWOT» әдісімен сабақ қорытындыланды. «Кезбе тілші» арқылы оқушылардан кері байланыс алынды.Сабақ өз деңгейінде өтті.Осы айлықта 7 «а,ә»сыныптарында «Астан –бас қала»тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара өткізділді.Сыныптан тыс іс-шара мақсатына жетті.Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін,құрметін байқауға болады.
Жетістіктерім:
География пәнінен 2018-2019оқу жылы аудандық олимпиададан 3-орынды Сыдықов Жәнібек иемденді.
2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Білім нұр» басылымы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың І дәрежелі дипломының иегері болдым.
2018-2019 оқу жылында Халықаралық «Білім нұр» басылымы ұйымдастырған шығармашылық байқаудың «Үздік сабақ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломының иегері болдым.
«Ақ жол»баспа газетіне мақала жариялап, «Жас қаламгер»байқауына қатысып 8»а» сынып оқушысы Тұрғынбай Ұлжан 3 дәрежелі дипломмен марапатталды,ал мұғалім алғыс хатпен марапатталды.

Менің алдағы мақсатым мен жоспарым:
Мұғaлiмдiк шeбeрлiгiмдi oдaн әрi шыңдaу.




Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
Назад Вперед