01
июнь
2020
Қашықтықтан оқыту
Жамбылская область
Қордай ауданы
«№6 негізгі мектебі» КММ-сі
директоры: А.А Керимбаев
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы елді мекен мектептері қайтпек? Қалай болғанда да, бұл – лажсыздықтан қабылданған шешім. Дәл қазір онлайн немесе қашықтан білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па деген сауалдың да басы артық. Егер бұл тәжірибеге бейбіт заманда көшсек, онда күрмеуі шешілмеген мәселенің бар екені талай уақытқа дейін айтылып, кейінге шегеріле берер еді. Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай компьютерленбегені, тағысын тағы. Ал біз тап қазір осы жолды таңдауға мәжбүрміз.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту тек оқушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділік-терін оятты, оған дәлел ретінде 2 сәуірде өткен жалпы ата-аналар жиналысын айтуға болады. Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, рахмет-алғыстарын айтқан видеороликтерінде байқадым.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
• Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
• Интерактивті әрекеттесу формалары;
• Сапалы білім алу;
• Уақытты үнемдеу;
• Ыңғайлы уақытта оқу;
• Территориялық шектеулер жоқ;
• Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.