Білім беру қызметкерлерін қашықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. » Средняя школа №6
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 2-46-74
Бухгалтерия
+7(72636) 2-45-79
Версия для
слабовидящих
» Білім беру қызметкерлерін қашықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.
03
август
2020

Білім беру қызметкерлерін қашықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

Білім беру қызметкерлерін қашықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты:

Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi

Қашықтық білім туралы түсінік:

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарлары жасақталуда. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейін даму Тұжырымдамасында ашық оқу кеңістігі идеясы атап көрсетілген: «Аймақтық деңгейде білім сапасын көтеру мақсатында қашықтан-виртуальды оқытуды және жаңа білім беру технологияларын өңдеу. Білім берудің жаңа парадигмасына оқытуда басты назар білім алушыға аударылады. Қашықтан оқытуда білім алушылар курс мазмұнын, оқу стратегиясымен оқыту қорларын таңдауда және бақылауда кең мүмкіндікке ие. Қашықтан оқытудың көптеген қырларын ашатын анықтамалардың біреуінде «қашықтан оқыту – білім алуда оқытушыға немесе институтқа назар аударылмайтын, білім алушылардың жеке қажеттілігіне негізделген әдістеме.» Білім алушыға көңіл аударылғаны соншалық, олардың қайда, қалай білім алып жатқаны бақыланып отырады. Бұл оқытушының ролін білім бастамасынан оқытудың менеджеріне дейін алмастырады. Аталған білім алу жүйесіне қол жеткізу үшін қашықтан оқыту әдісі мен жаңа ақпараттық технологиялардың артықшылықтары қолданылады.