30
сентябрь
2022
«Дублёр күні»
Шерхан Мұртаза атындағы негізгі мектебінде 30 қыркүйек күні «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Дублёр күні» ұйымдастырылып өткізілді. Білім ұясын ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттердің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні». Ұйым мүшелері бұл күні директордың, директор орынбасарларының және пән мұғалімдерінің орнына қызмет атқарады. Мектеп президенті кезекті ұйым мүшелерімен жиналыс үстінде пікір алысты. 1 қазан мұғалімдер күніне орай 8-9 сынып оқушыларына мектеп әкімшлігі және мұғалім қызметтері бөлініп сабақ берді. Мектеп әкімшілігіне Директор,оқу ісінің орынбасары ,тәрбие ісінің орынбасары болып оқушылар қызмет атқарды. Оқушылардың сол күнгі жауапкершілігі және оны сезінуі, мұғалімнің қызметін түсіне білулері , жоғары дәрежеде байқалды. Сабақтарға жоғары дайындықпен келген. Әрбір пән мұғалімі өз аты-жөні жазылған бейджиктерді тағып, төменгі сынып оқушыларының сұрақтарына жауап тиянақты берді. Әрі қарай мерекелік кешпен жалғасты.

