"Халықаралық қыздар күні" » Средняя школа №6
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 2-46-74
Бухгалтерия
+7(72636) 2-45-79
Версия для
слабовидящих
» » "Халықаралық қыздар күні"
11
октябрь
2022

"Халықаралық қыздар күні"

Бұл халықаралық мереке 11 қазан күні атап өтіледі. Оның мақсаты - қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту. Осыған орай мектебімізде қыздар күні аталып өткізілді.1995 жылы Пекинде (Қытай) өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда Пекин декларациясы мен әйелдер құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар бейілділігін растайтын Іс-қимылдар тұғырнамасы қабылданған болатын. Әйелдер мен қыздар планетаның жарты халқын құрайды, бұл дегеніміз адамзат әлеуетінің жартысына тең. Әйелдерді қоғамдық өмірге тарту нәтижелі және экономикалық өсімге әкелетіні расталған. Олар репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша жаһандық қозғалыстың алдында. Белсенділер балалар некесі мәселелерін, білім берудегі теңсіздіктер, үйдегі зорлық-зомбылық, қыздардың құқықтарын қорғау және лайықты өмірді қамтамасыз ету мәселелерін шешумен айналысуда. Қыздар стереотиптерден туатын, оның ішінде мүгедек балалар мен басқа да осал топтарға қатысты кедергілерді жеңіп шығады. Олар ерлерге тән кәсіптерді бағындыра алатынын дәлелдеген. Бүгінгі қыздар мен бойжеткендер - ертеңгі ошақ қасын сақтап, ұрпағымызды тәрбиелеп өсіретін аяулы жар, ардақты ана, мейірімді әжелеріміз.