"Таң жұлдызы-2020"
Анықтама
30.01.2020 жылы мектепшілік «Таң жұлдызы-2020» байқауы өткізілді. Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, дауыс ырғағын сынау. Өнерге біртабан жақындату мақсатында 5-9 сыныптар арасында өткізілді. Байқауға 10 қатысушы қатысты. Байқау оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өткізілді:
- 5-6 сынып аралығында:
1.Ретро ән 2. Патриоттық ән
- 7-9 сынып аралығында:
- Халық ән 2.Шет ел әні
Байқауды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасы сайланды:
- Балбекова А.К. – ДТІЖО
- Байболатова Қ.Ш – вокал үйірмесінің жетекшісі
- Лепесов А.А. – денешынықтыру пәні мұғалімі
Әділ қазылар әр бір кезең бойынша бағалау жұмыстарын жүргізіп отырды. Жас ерекшеліктеріне байланысты 5-6 сынып аралығында 4 оқушы, 7-9 сынып аралығы бойынша 6 оқушы қатысты. Әр оқушы өзін, өзінің бар өнерін көрсете білді. Зал көрермендерге толы болды. Байқаудың қорытындысы бойынша 3-ші орынға Мәлік Айжан, 2-ші орынға Жұмабай Ақылбек, 1-ші орынға Темірбай Жансая ие болды. Өзінің керемет талантымен Омар Тоғжан бас жүлдеге ие болып. Аудандық жарысқа жіберілді.
