16
декабрь
2020
"Тәуелсіздік күні"
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Мереке бүгін, көңілді шаттық тербейді,
Қазақты мәңгі Жаратқан өзі жебейді.
Тәуелсіздікті көре алмай кеткен ерді ойлап,
Қамығып көңіл, ащы өксік кернер көмейді.
Тәуелсіздіктің тарихын ұққын әуелі,
Бейбіт өмірдің бақшасы көркем, мәуелі.
Отшашуменен естілер бірге құлаққа,
Ұл қызын аңсап, зарлаған ана әуені.
Қол созып көкке, асулы биік белестен,
Ынтымақ, төзім, бірлікпен қана озбақпын.
Ұмытпа ботам, тәуелсіздіктің уығы,
Шаншылған көкке қанымен қыршын боздақтың.
Ұмытпа ұрпақ, бұл күндер оңай келмеді,
Үйірле соғып қара бұлт көктен төнгені.
Азаттық аңсап алаңға шыққан ұл-қыздан,
Қаралы хабар келгенде ана сенбеді.
Құлады, тұрды, қайғылы сәттер көргені,
Рухты жастар намысты қолдан бермеді.
Ұмыта көрме, жанкешті жастар жанымен,
Келгенін сонау төбелі орын төрдегі.
Тәуелсіз елміз, бодан емеспіз, азатпыз,
Өткізген бастан сан түрлі қайғы азапты.
Жойыла жаздап, еңсесін биік көтерген,
Әлем таныған, рухы асқақ Қазақпыз.
Қадірін ұққын Азаттық атты ұғымның,
Қадірлей білгін ерлігін қайсар ұлыңның.
Тәуелсіздігі мәңгілік болып халқымның,
Тұғыры биік болсыншы көкте туымның.
P/S Дәмегүл Үмбетқызы